Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің аты-жөні



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі352,98 Kb.
#81773
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ҚМЖ

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс




Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:



СЫНЫП: 7
Сабақ 3-4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Тақырыбы

Адамның ішкі әлемі

Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)

7.3.3.1 - адамдардың бір – бірімен қарапайымдылық арқылы қарым-қатынас жасау іскерліктері бойынша анықтау
7.3.2.2 - өмірдің қымбаттылығын ақиқат ұғымы негізінде ұғындыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік алады

Оқушылардың басым бөлігі:

жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйренеді

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік алу.
Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретінде түсініктері кеңейеді.

Тілдік құзіреттілік

көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтері



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут



Топқа бөлу 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Үй тапсырмасын тексеру
Өмір неден тұрады?
- Ақын «ақ» және «қара» деп нені мегзеп отыр?
- Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?
- Әрқашан ақты қолдау неге әкеп соғады?
- Өлең мазмұнында шындық туралы не айтылған?
- Өмірде әрқашан жақсылық жасау, кішіпейіл болу, қамқорлық жасай білу қай қасиетке тән?



1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»




Ортасы 20 минут

Дәйексөз. Оқушылардың мінез-құлық туралы ойларын түйіндеу мақсатында оқулықта мінез туралы нақыл сөз берілген.
Мұғалім оқушылардың мәтінді оқығаннан кейінгі ойын толық тыңдап алған соң, олардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, дәйексөзбен қорытынды жасайды. Мұғалім көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының: «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін оқушыларға түсіндіреді.
Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Адам өмірі – іс-әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көз-қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.

  1. Мінез дегеніміз не?

  2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады?

  3. Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме?

  4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.
Оқулықта адамның мінез-құлқына қатысты негізгі тұжырымдамалар берілген:
«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен байқалады.Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез-құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болу керек.Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады».Адамның қасиеттері өзінің жеке бойына тән болса, мінез міндетті түрде қарым-қатынас барысында айқындалады. Оқушылардың жауаптарын пайымдай келе мұғалім: Адам өз мінезін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуге болады? Мінезді қалай шынықтыру керек? – деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың ойларын тыңдай. Осы жерде мұғалім сыныптағы мінез өте жақсы оқушыларға тоқтала кетіп, олардың басқаға үлгі болып, барлық оқушымен жақсы қарым-қатынас жасауы – олардың мінездерінің жайлы да жағымды болғанынан деген қорытынды жасап кетуіне болады.

  1. топтық жұмыс.

Оқушыларды түстер арқылы 2 топқа бөліп, «Менің түсінігімдегі ақиқат»тақырыбына төмендегі берілген тірек сөздерді қолдану арқылы әңгіме құрастыру:
Ар – намыс.
Шындық.
Адалдық.
Уәде.
Азаматтық.
Жақсылық.
Қымбат өмір.
Абырой.
Кеңпейілділік.
Ақкөңілділік.

  1. оппен ән айту.

ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА
Сөзі: Серік СЕЙІТМАН
Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ
Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Қайырмасы:





«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
«Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті
2 минут

«Қыдырып қайтайық!»
би билеу


«Қыдырып қайтайық!» биі



Аяқталуы 20 минут

Соңғы тыныштық сәтi.
Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық.
Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:



Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс




Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.



Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет