Құжатты сақтау. Құрылған құжатты сақтау үшін атау жолындағы Сақтау батырмасын шерту немесе "Office" белгішесінен "Сақтау" командасын таңдауға болады. Екі жағдайда да Сақтаудың сұхбат терезесі ашылады (5.5-сурет). Word үнсіз келісім бойынша менiң құжаттарым бумасында Doc1 аты бар файлмен сақтауға ұсынады және файлға кеңейтуін тағайындайды: docx кеңейтудi алатын (макростарды қолдамайды) Word құжаты. Файлдардың жаңа пішімін қолдануы керек (*.docx), өйткенi бұл пішім файлдың өлшемiн кiшiрейтуге мүмкiндiк бередi және мұндай файлдарды вируспен жұқтыруға ұшырмайды.
5.5 - сурет. Құжатты сақтаудың сұхбат терезесі
Сақтаудың сұхбат терезесінде қолданушы өз бетімен файлдың түрін, файлдың атын және құжатты сақтау бумасын таңдай алады.
Құжатты баспаға шығару. Word 2013 құжатты баспаға шығару үшін Office/Баспа командасы арқылы орындалады. Бұл команданы орындағаннан кейін "Құжатты алдын ала көру және баспаға шығару" мәзірі пайда болады (5.6-сурет).
5.6 - сурет. Баспаның сұхбат терезесі
Құжатты баспаға шығарудан бұрын оны тексеріп алу қажет. Беттің парағының өрістерін және бағытын тексеру жөн. Үнсіз келісім бойынша редактордың құжатының пішімі А4 пішіміне сәйкес және оның бағыты – кітапша түрінде беріледі. Ол үшін "Бетті белгілеу" қыстырмасында "Беттің параметрлері" сұхбат терезесінде қажетті қасиеттерді өзгертіп және тексерген жөн (5.7-сурет).