Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика тарауын қайталау Сабақтың мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі19,48 Kb.
#95441
түріСабақ
Байланысты:
00127454-3980c4c7


Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың молекулалық физика тарауым бойынша білімдерін пысықтап, формуланы дұрыс қолданып есеп шығара білуге үйрету.
Дамытушылық: Формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ұзақ есте сақтауын қадағалау.
Тәрбиелік: Оқушылардың еңбек ету қабілетін жетілдіру, пәнаралық байланысты арттыра отырып теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге , өз бетінше іздене білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: формулалар, тірек сызбасы бар плакаттар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: химия, математика
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. «Ойлан тап!» ойыны

  4. Физикалық диктант

  5. Есептер шығару

  6. Қорытынды тест жұмысы

  7. Оқушыларды бағалау

  8. Үйге тапсырма беру

  9. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, кабинеттің және олардың сабаққа дайындығын тексеру.

  10. Қайталау сұрақтары:

  11. МКТ-ң негізгі қағидаларын ата?

  12. Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не?

  13. 1 моль деп нені айтады?

  14. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  15. Газ тәрізді сұйық және қатты денелердің айырмашылығы неде?

  16. Идеал газ деп қандай газды айтады?

  17. Термометрлердің қандай түрлері бар?

  18. Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не?

«Ойлан тап!» ойыны. Оқушылардың молекулалық физика тарауы бойынша формуланы есте сақтау қабілетін тексеру.
Физикалық шамаларды және өлшем бірліктерді есте сақтау үшін, изопроцестерді есте сақтау үшін жаттығу жүргіземін.
Оқушыларға физикалық шаманы айтамын, олар өлшем бірлігін айту керек неме керісінше.
Р-Па, V- м3 , T –К, W-Дж, v-моль, M-моль/кг
P=const изобара V/T= const Гей- Люссак заңы
V=const изохора P/T= const Шарль заңы
T=const изотермия pV=const Бойл- Мариот заңы
Енді физикалық формуланы еске түсіріп болсақ, физикалық диктант жазамыз.


  1. Физикалық диктант

Зат мөлшерін молекула саны арқылы жаз.
3
МКТ-ң негізгі теңдеуі
Менделеев- Клайперон теңдеуі
4
Больцман тұрақтысының мәні неге тең?
Универсал газ тұрақтысы неге тең?
5
Орташа кинетикалық энергияның формуласы
Молекула қозғалысының орташа жылдамдығы
6
Авогадро заңы
Газ қысымының кинетикалық энергиямен байланыс формуласы
7
Зат мөлшері, қысым,тығыздықтың өлшем бірліктерін жаз
Температура, көлем, мольдік массаның өлшем бірліктерін жаз

  1. Есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар

  • Деңгей

  1. Температурасы 120С , сыйымдылығы 25л баллондағы сығылған ауаның массасы 2кг болса, оның қысымы қандай?

  2. Массасы 8кг қорғасында қанша зат мөлшері бар?

  • Деңгей

  1. 25г азотта қанша молекула бар?

  2. Көлемі 0,2л колбада 3*1022 гелий атомы бар. Колбадағы газдың қысымын 105Па деп алып, әрбір атомның орташа кинетикалық энергиясын табыңдар?

  • Деңгей

  1. Егер газдың бір молекуласына 5,56*105 су молекуласы сәйкес келсе, онда көлем 0,5л бөтелкедегі лимонадта СО2 көмірқышқыл газының қандай массасы ерітілген?

  2. Суретте көрсетілген процесті VT және PT

Диаграммаларында өрнектеңдер.
Зат – идеал газ.

  1. Қортынды тест тапсырмасы

1-нұсқа

  1. Массасы 200г судың құрамындағы заттың мөлшері:

А) 9моль В) 12моль С) 6моль Д) 11моль Е) 10моль

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет