Сабақтың тақырыбы: ms excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі387 Kb.
#86706
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
000cc438-8d42bdf3

А) Қайталау сұрақтары:
1. Microsoft Wordмәтіндік редакторы дегеніміз не?
2. Microsoft Word қандай қызмет атқарады?
3. Қалай іске қосылады?
4. Microsoft Word та кесте қалай құрылады?
5. Мәтінді жылжыту немесе көшіру үшін қандай әрекеттер орындайды?

Коммуникативтік құзыреттілік Проблеманы шешу құзыреттілігі

ІII. Жаңа материалды түсіндіру

1) Мұғалімнің түсіндіруі:
Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түріндегі берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізуде т.б. мүмкіндіктер беретін , Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланады.
Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

  1. Функциялар мен формалаларды пайдалана отырып, әр түрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу

  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  5. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу.

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Эленктрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Microsoft фирмасының Excel программасы- кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі, Бірақ Microsoft Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекі жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі- түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын дайындап олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді т.б. қамтамасыз ете алады. Microsoft Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде әкімшілік және шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Microsoft Excel программасын іске қосу: Пуск- Программы- Microsoft Excel.
M icrosoft Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан шартбелгіні тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Ол Microsoft Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында терезе шығады.
Бірінші жол -_ , , басқару батырмалары бар терезе тақырыбы қатары.
Екінші жол- Microsoft Excel менюі қатары.
Үшінші жол- стандартты қатар. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдаморындау мүмкіндігін береді.
Төртінші жол- форматтау қатары. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.
Бесінші жол- атау өрісі (белсенді ұяшық адресі немесе блок адресі көрсетіледі) және формула қатары немесе енгізу- түзету қатары. Мұнда ұяшықтың мазмұның көріп, формаулаларды өңдеуге болады. Егер мұндай қатар болмаса Вид-Строка формула командасы арқылы қосуға болады.
Бесінші және соңғы жолдың арасында электрондық кестенің жұмыс парағы орналасқан. Электрондық кестенің жұмыс аймағы жол, баған, ұяшық, диапазон, парақтан тұрады. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы- қалып күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінеде Microsoft Excel жұмыс режимдерінің индикаторы орналасқан. Мысалы, Microsoft Excel мәлімет енгізуді күтпеген сәтте, ол дайын режимінде болып, режим индикаторы «дайын» деген сөзді көрсетеді.
Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1-кітап (Книга 1) деген ат пен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады. Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе [Ctrl+ N] қоспернесі басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2- кітап, 3- кітап (Книга2, Книга3) т.с.с. болады.
Microsoft Excel менюімен жұмыс атқару.
Пернелер тақтасының көмегімен меню қатарына үшін Alt немесе Ғ10 пернесі басу қажет. Бұл пернелер басылғаннан кейін меню командаларының бірі басқа түспен ерекшеленеді. Курсорды басқару пернелерінің (←→) көмегімен қажетті меню командасының біріне жеткіземіз. Enter пернесін басқаннан кейін суырылып ішін меню ашылады. Ішкі меню командасын  немесе ↓ пернелерінің бірі арқылы таңдауға болады. Команданы орындау үшін Enter пернесін басамыз. Меню қатарынан жұмыс алабына Esc пернесін басу арқылы орнатуға болады. Excel кестенің меню командаларын тышқанмен орындаған өте жеңіл, әрі қолайлы.Қажетті меню командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, төменгі сатылы меню командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиісті командада тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанат белгілерді көрсету немесе алып тастау сұхбат терезелерін және ішкі беттерді ашу әрекеттері орындалады.Егер тышқанды меню сыртында шертсек, меню қатарынан шығып, ішкі меню жабылады.Егер осы қатарлардың қанат белгілері көрінбей турса, олардың әрқайсысында тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
Электрондық кестенің негізгі түсініктері.
Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдаміздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады.Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1- бет екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз.Ал қажетті беттің жарлығы экранда көрінбей тұрса, жарлықтың сол жағындағы бағыттауышта( ◄►) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.
Негізгі ұғымдары:
Жол нөмірі- электрондық кестедегі жолды анықтайды.Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленеді.Қатарлар 1- 65536-ға дейін сандармен нөмірленеді.
Бағана әрпі- электрондық кестенің бағаналарын анықтайды.Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан.Бағаналар А- Z , одан кейін реті бойынша АА-А Z, ВА- ВZ,...,IV латын әрпімен белгіленеді.
Ұяшық- электрондық кестенің мәлімет еңгізілетін ең кіші элементі.Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адресі бар, Мысалы; В3, адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.А1, 1-ші ұяшықтың, ал IV65536 соңғы ұяшықтың адресі болады.Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те атауға болады.
Ағымдағы ұяшық- курсор орналасқан ұяшық.Барлық орындалған операция осы ұяшыққа байланысты орындалады.
Ұяшықтар блогы немесе аралығы- тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы.Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегі блок немесе торбар аралығы деп атауға болады. Мұндай болктың адресі бірнеше ұяшықпен соңғы ұяшықтың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2-ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2: D8 түрінде көрсетіледі.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу – Excel-де электрондық кесте 3 өлшемде құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді 16 парақтан құралады.Электронда тек 1 парақ қана ашық көрініп тұрады. Парақтың төменгі бөлігінде қалған парақта нөмірлері жарлық түрінде көрініп тұрады.
Жаңа парақ қосу – Вставка – Лист немесе жанама менюден Добавить – Лист командаларын орындау қажет.
Бірнеше жаңа парақ қосу - [Ctrl] пернесін басып тұрып Вставка – Лист командасын орындау қажет.
Парақты жою – Правка – Удалить немесе жанама менюден Удалить командасын орындау керек.
Парақ атын өзгерту - Формат – Лист – Преименовать немес жанама менюден Преименовать командасын орындау қажет.
Парақтың басына бару үшін - [Ctrl] + Home комбинациясын басу жеткілікті.
Парақтың соңына бару үшін - [Ctrl] + End немесе [Ctrl] + ↓ комбинациясын басу жеткілікті.
Кестені, бағананы, қатарды, блоктарды белгілеу
Тышқанның көмегімен кесте бөліктері былай белгіленеді:

  • Бағана – қажетті бағана тақырыбындағы таңбаланған әріпте (А,В,С...) тышқанды бір рет шерту;

  • Қатар – қажетті бағанаға сәйкес келетін нөмірде (1,2,3...) тышқанды бір рет шерту (кестенің сол жағындағы ең шеткі бағанасы);

  • Бірнеше бағаналар – бірінші бағана атында тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын ұстаулы күйінде соңғы бағанаға жеткіземіз;

  • Бірнеше қатарлар – бірінші қатар атында тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын ұстаулы күйінде соңғы қатарға жеткіземіз;

  • Блокты – блоктың бастапқы ұяшығында тышқанды шертеміз де, тышқанның батырмасын босатпай, курсорды соңғы ұяшыққа жеткіземіз;

  • Жұмыс парағын – бағаналар таңбаланған әріптер жолы мен қатар номірінің қиылысқан жерінде тышқанды шертеміз (кестенің сол жақ жоғарғы шеті);

Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін [Shift]пернесін басулы күйінде ұстап отырып, бағыттаушы стрелкаларды (←,↓,→,↑) қолданады.
Әр жерде орналасқан ұяшықтарды белгілеу үшін:

  1. Алғашқы ұяшықты немесе блокты белгілеу;

  2. [Ctrl] пернесін басулы күйінде ұстап тұру;

  3. Келесі ұяшықты немесе блокты белгілеу;

  4. [Ctrl] пернесін жіберу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет