Сабақ кезеңдері
1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
3 мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Интерактивті тақтадан жас ерекшеліктерін ескере отырып, сергіту сәтін көрсетемін.
Топқа бөлу: «Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру» деген сөйлемді оқушы санына байланысты буындарға бөлдім.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасып, ортаға шығып шаттық шеңберге тұрады.
Іс-қимылдарды қайталайды.
І- топ: Графикалық объектілерді және деген сөздерді құрастырды.
ІІ-топ: көркем жазуларды кірістіру деген сөздерді құрастырды. Нәтижесінде жаңа сабақтың тақырыбын анықтады.
Оқушылар күн ретін, жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.
|
|
|
Интерактивті тактада слайд
|
2. Үй тапсырмасын тексеру
7 мин
|
.Тапсырма №1
Өткен тақырып бойынша ИТ арқылы
6 сұрақтан құралған тест аламын.
Тапсырма №2
ИТ-да оқушыларға слайд арқылы әртүрлі қаріптермен жасалған, жазулардың үлгісін көрсетемін.Оқушылар сөздірдің қандай шрифта жазылғанын айтады
|
Әр оқушы тестке жауап береді.
Тестің дұрыстығын оқушы интерактивті тақтададағы дұрыс жауаптарымен салыстырып, өзі тексереді.
Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, өз ойларын айтады.
|
|
Өзін –өзі бағалау әдісі
|
Интерактивті тактада слайд
|
2-кезең
Мағынаны ажырату:
10 мин
|
«Ойлан, жұптас талқыла» атты тәсіл қолданамын. Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылаймын және бағалау парағына белгілеп отырамын.
Төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Тақтадан не көрдіңдер?
2. Графикалық обьектілер мен көркем жазулар не үшін қажет, маңызы неде?
3. Компьютерде көркем жазулар мен графикалық обьектілер қалай жасалады ? Қандай қадамдар жасаймыз?
4. Бұл шешімге қалай келдіңіз, тәртібі бар ма?
5. Қалай дәлелдей аласыз? Тәжірибе арқылы жасап көрсет
Тапсырма№3
Мәтінмен таныстыру.
Оқушылар бүгінгі жаңа сабақты Insert әдісімен оқуды ұсынамын.
Word-қа көркем жазуларды қалай енгіземіз? Орындалу реттілігін интерактивті тақтаға жазып дәлелде.
Командалар тізбегін жаз.
Word-қа автофигураларды қалай қоямыз?
Командалар тізбегін интерактивті тақтаға жазып көрсет.
|
Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, өз ойларын айтады.
Содан сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтын мақсатын айқындайды.
Қойылған әрбір сұраққа оқушы өз ойлары мен пікірлерін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) талқылайды, пікірлеседі.
Әр топ кезегімен ортақ тізімге бір-бір сөзден қосып, тізбек құрады.
Оқушылар жаңа сабақты өз бетімен оқып, топта талқылап, ортақ шешім шығарады. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып интерактивті тақтаға орындалатын тізбекті жазып көрсетеді.
|
«2 жұлдыз, 1 тілек»
«Бағдаршам»
|
|
Дәптер, қалам
Флипчарт, түрлі-түсті маркер, түрлі-түсті карандаш, стикер
|
3-кезең. Ой- толғаныс:
(бекіту)
10 мин
|
Тапсырма №4
Жас ерекшеліктерін және қабілеттілік қасиеттерін ескере отырып, үлестірме жұмыстар таратамын.
Жаңа тақырып бойынша деңгейлік тәжірибелік тапсырмалар беремін.
|
Міндетті деңгей
Жаңа тақырыптың атауымен рефераттың бірінші бетін жаса.
Лайықты деңгей
Өз хабарламаңды құрастыр!
Жоғарғы деңгей
«Болашақ мамандығым» атты шағын эссе көркемдеп жаз!
|
«Тірі суреттер»
|
|
|
4 кезең Қорытындылау Рефлексия
5 минут
|
«Бес саусақ» әдісі арқылы
1. Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?
2. Не ұнамады?
3. Маған сабақта ұнады
4. Маған бүгінгі сабақта көмектесті
5. Бүгінгі көңіл күйің
|
Оқушылар ақ қағазға қолдарын салып, саусақтардың ішіне сұрақтарға жауап жазады Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі.
|
|
|
Рефлексия стикерлері
Интерактивті тактада слайд
|