Сабақтың тақырыбы Н. Айтұлы «Бәйтерек»



Дата06.01.2022
өлшемі178,5 Kb.
#110250
түріСабақ
Байланысты:
8afc52fd4fda421266a7762f75f9d44eaa108dc1

Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы


Сабақтың тақырыбы

Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы. Поэманың идеясы мен тақырыбы

Сабақтың мақсаты

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылтумен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

Мағынаны тану. Поэмада берілген бөлімге сатылай кешенді талдау.

Тақырыбы: «Бәйтерек» - Тәуелсіздіктің символы, Елбасының өр тұлғасы.

Идеясы: Нұр –Сұлтан қаласы Егеменді елдің жаңа қаласы, ал Бәйтерек монументі сол тәуелсіз еліміздің шынайы азаматтық символы Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегені, Елбасының арқасында жаңа қаланың негізі қаланып, әлем елі мойындайтын үлкен қалаға айналғанын мақтанышпен жырлау.

Жанр түрі: поэма

Шумақ: 30

Тармақ: 120

Бунақ: 3

Буын саны: 10-11 буын

Ұйқас түрі: қара өлең а, а,б,а

Тіл байлығы: «дүние» сөзі-ғалам, бүкіл әлем, жер жүзі. Тәңірдің құзырында бар дүие – Жаратқанның қолында екені, бүкіл әлемді жаратқан бірде бір күш иесі екенін меңзеп тұр.

Көркемдегіш құралдар: қызыл тіл – метафора, қара тас – бұл жерде адамның эмоциясын білдіріп тұр, яғни негативті жылы, жалынды сөздермен емдеуге болатынын айтып отыр.

«Бәйтерек» поэмасы

Түбіне тіршіліктің тағдыр ие,

Тәңірдің құзырында бар дүние.

Қызыл тіл қара тасты балқытады,

Келгенде қылқобыздай зар күйіне.

 

Тү-бі-не /тір-ші-лік-тің /тағ-дыр ие – 10 буын, 3-бунақ



Тә-ңір-дің /құ-зы-рын-да /бар дү-ние -10 буын, 3-бунақ

Риторикалық сұрау бар. Мысалы:

Шақырып аруағыңды, атыңды атап,



Өзіңе сыйынбаған күнім бар ма?! – риторикалық сұрақ жауап.

Үйге тапсырма: «Бәйтерек» поэмасының мазмұны бойынша тірек сызба құрастырыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет