№47 жалпы орта білім беретін мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Нанотехнология құпиясы
(физика,7в сыныбы)
Пән мұғалімі: Қойшыбаева Г.Н.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі әлемдегі нанотехнология немесе нанотехнология құпиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Оқушыларға нанотехнология ғылымы мен оның мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық.Оқушыларға нанотехнология ғылымының құпиясын аша отырып,олардың ой-санасын арттыру,ойлау қабілетін дамытуға бағыттау.
Тәрбиелік. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы ұйымдастырушылыққа, бірізділікке, жауапкершілікке тәрбиелеуге бағыт-бағдар беру.
Сабақтың түрі:
Сабақтың типі:
Сабақтың әдісі:
Сабақтағы пәнаралық байланыс:информатика, география, биология,химия
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,молекула сұлбасы, бейнероликтер, слайд т.б.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,сабаққа дайындығын тексеру.
Топқа бөлу,топ басшысын сайлау,бағалау парағын ұсыну.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
І-тапсырма. «Тұлғаны таны» (1 балл)
1.Бірінші ұстаз, «физика-табиғат туралы ғылым» деп шығармаларында баяндаған-Аристотель
2.тұңғыш қазақ ғарышкері-Т.Әубәкіров
3.Заттың молекула-кинетикалық теориясының қағидаларын ұсынған, «физика» ғылымының бастауында тұрған ұлы орыс ғалымы-М.Ломоносов
4.Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес,арнайы құрал-үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген итальян ғалымы-Г.Галилей
5.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқын ғалым-И.Ньютон
6.Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды ұсынған ғалым-В.Франклин
7.Алғаш рет денелердің барлығы өте кішкентай бөлшектерден тұрады деген көзқарастың негізін салушы грек ғұламасы-Демокрит
8.Химиялық элементтер кестесін құрған орыс ғалымы-Д.Менделеев
9.Броундық қозғалысты ашқан ғалым-Р.Броун
ІІ-тапсырма. «Білгенге маржан» блиц-турнир (2 балл)
1.ХХ ғасыр-ғылыми-техникалық төңкеріс ғасыры деп аталады.Осы ғасырдағы 4 ғажайып жетістік қандай?
1)физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты2)адамзат ғарышқа көтерілді 3)лазердің өмірге келуі 4) электрондық есептеуіш техникасы
2.Күннен жарық Жер бетіне секундына қанша км жылдамдықпен неше минутта жетеді? 300 000км,8минут
3.Эксперименттің талаптарын ата?
Жұмыстың тақырыбы,құрал-жабдықтары,мақсаты,сұлбасы,барысын баяндау,нәтижелері,қорытындысы.
4.Мегаәлемнің құрылымын зерттейтін ең негізгі құрал? Телескоп
5.Грекша «атомос» қандай мағынаны білдіреді?бөлінбейтін бөлшек
6.Қазіргі кезде молекулалар мен атомдарды үлкейтіп көрсететін қандай құралдар бар? Электрондық,сканерлік зондтық микроскоптар,иондық проекторлар.
7.Кез келген атом үш түрлі элементар бөлшектерден тұрады,олар? Электрон,протон,нейтрон
8.Протондардың ядродағы санын қандай әріппен белгілейді? Z
9.Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының араларындағы бос орындарға өтіп таралуын не деп атайды? Диффузия
10.Молекулалары белгілі бір ретпен қайталанып орналасатын денелер мен, молекулалары ретсіз орналасатынын денелер?кристалл денелер,аморф денелер
ІІІ тапсырма: Физикалық диктант (3 балл)
Алғаш рет денелердің барлығы да ............................... тұрады деген көзқарастың негізін салушы-грек ғұламасы .......................Ол кез келген денені ұсақтап бөле отырып,ең соңында .............................................................алуға болады деді. Орыс ғалымы М.Ломоносов заттың ..................................былай қорытындылады: Барлық заттар өте ұсақ .................................................тұрады.Молекулалар мен атомдар ...................................болады...................................өзара әрекеттеседі.Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы ...............................деп аталады.Оны 1827 жылы ағылшын ғалымы ................... эксперимент жүзінде анықтаған.
(Алғаш рет денелердің барлығы да өте кішкентай бөлшектерден тұрады деген көзқарастың негізін салушы-грек ғұламасы Демокрит.Ол кез келген денені ұсақтап бөле отырып,ең соңында бөлінбейтін бөлшек-атомдыалуға болады деді. Орыс ғалымы М.Ломоносов заттың молекулалы-кинетикалық теориясының қағидаларынбылай қорытындылады: Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден-молекулалар мен атомдардан тұрады. Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады. Молекулалар мен атомдарөзара әрекеттеседі. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы Броундық қозғалысдеп аталады.Оны 1827 жылы ағылшын ғалымы Р.Броунэксперимент жүзінде анықтаған)
ІІІ.Жаңа сабақ. Кіріспе (10 минут)
Проблемалық сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындау.
Физикалық диктант не туралы айтылған?-молекулалар мен атомдар.Молекулалар мен атомдармен жұмыс жасайтын қандай ғылым?нанотехнология.Олай болса,балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазіргі әлемдегі нанотехнология немесе нанотехнология құпиясы» деп алдым. Неліктен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «нанотехнология құпиясы» деп алды деп ойлайсыздар?Иә,нанотехнология ғылымын біз әлі толық білмейміз, оның мүмкіндіктері бізге әзірше құпия.Біз бүгінгі сабағымызда осы нанотехнология ғылымының құпия-сырларын ашатын боламыз.
Рефлексия толтырту
Не білемін?
|
Не білгім келеді?
|
Не білдім?
|
+
|
+
|
?
|
Жоспары:
1.Нанотехнология дегеніміз не?
2.Нанотехнологияны қолдану аясы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан-2050» жолдауында: «Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде.Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология,молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек» деп нанотехнология ғылымын дамытуға бағыт-бағдар берген еді.
1. Нанотехнология дегеніміз кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физикалық-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым.
Нанометр дегеніміз- бір метрдің миллиардтан бір бөлігі.1нанометр-10-9.Мысалы 1нм шаштың бір талының қалыңдығынан 100 мың есе аз екендігін айтуға болады.
Нанотехнология терминін қолданысқа алғаш рет 1974 жылы жапон физигі Норио Танигути енгізген.
2. Нанотехнологияның негізгі қолдану аясы: медицина, материалтану, информациялық технология, экология, энергетика, әскери техника, ауылшаруашылығы, космология, авиация, қоршаған ортаны қорғау, робот жасау техникасы, микроскопия, телекоммуникация, құрылыс, машина жасау, сұлулық индустриясы және тб.
Негізгі бөлім. Топтық жұмыс
Шығармашылық жоба қорғау (10 балл)
І топ «Қазіргі әлемдегі және еліміздегі нанотехнология» (бейнеролик)
ІІ топ «Нанотехнологияның тиімділігі» (постер қорғау)
ІІІ топ «Нанотехнологияның дамуы мен болашағы» (слайд)
Сергіту сәті. Логикалық сұрақтар (2 минут)
Дүниеде ең жүйрік не? Ой-қиял
Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса,72сағаттан соң күн ашылып,шуақ түсе ме?жоқ,түнгі мезгіл
Алты аяқ,екі арқа,бір бас.Бұл не? Орындықта отырған адам.
1 жұмыртқаны пісіруге 4 минут уақыт кетеді,5 жұмыртқаны пісіруге неше минут уақыт кетеді? 4 минут
Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?көлеңке басталған кезде
4 ағайындының әрқайсысында бір-бірден қарындасы бар,жанұяда неше бала бар? 5 бала
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр.Сонда бөлмеде неше мысық отыр? 4
«Ғылымға бір қадам» (10 балл) 3 минут
Тапсырма: І топ: Нанотехнологияға қосар үлесіміз
ІІ топ: Экспо-2017 көрмесіне нанотехнологияны көрсете аласыз ба?
ІІІ топ: Елімізде нанотехнологияны дамыту үшін не істеу керек?
Сабақты бекіту. (4 балл) 2 минут
Сұрақтар: 1.Нанотехнология деген қандай ғылым?
2.Нанотехнология құпиясын біле алдық па?
3.Нанотехнологияның қаншалықты пайдасы мол?
Үйге тапсырма: «Нанотехнологияның пайдасы мен зияны» мәлімет жазып келу.
Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалау.( 3 минут)
Сабақты қорытындылау. (рефлексия,стикерге жазу арқылы) (3 минут)
Рефлексия толтырту
Не білемін?
|
Не білгім келеді?
|
Не білдім?
|
+
|
+
|
Стикерге жаздыру
|
І топ:
Қазақстанда наноқұрылымдарды зерттеу ҚР Білім және ғылым министрлігінің іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламасы бойынша 2003ж бастап жүргізіле бастады.Алматы қаласындағы физика-техника институты жанынан ұлттық нанотехнология зертханасы ұйымдастырылған
ІІ топ:тиімділігі
Scientifus Amerika журналының болжамына сүйенсек, таяу арада көлемі почта маркасына тең медициналық құрылғы жасалады екен. Соны жарақат алған жерге қойса жеткілікті, ол қанның құрамын, қандай дәрі қажет екенін анықтап, сол дәрі-дәрмекті қанның құрамына өзі жібереді. 2025 жылы дайын атомнан кез-келген затты құрастыруға қабілетті алғашқы нанороботтар жасалмақшы. Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өзгерістер болады: нанороботтар өсімдіктер мен жануарларды алмастырып, азық-түлік өндіретін дәрежеге қол жеткізеді. Осыған сәйкес экологиялық жағдай да жақсара түседі. Өнеркәсіптің жаңа түрлері болашақта қалдық заттар шығармай, оның есесіне нанороботтар ескі қалдықтарды жояды. Тәжірибе барысында анықталғандай, тоннельдеуші микроскоптың бұрынғыларға қарағанда біршама артықшылықтары бар екен. Соның көмегімен жекелеген атомдарды "көруді" былай қойғанда, соларға әсер ету арқылы кез-келген кернеуді өзгертуге де мүмкіндік туады: қарапайым тілмен айтсақ, тоннельдеуші микроскоптың көмегімен атомды "іліп" алуға және қажетті жеріне қондыруға болады. Физиктердің атомдарды өз қалауынша орналастыруға теориялық мүмкіндіктері пайда болады, яғни соларды кірпіш секілді қалай отырып, кез-келген затты жасап шығуға болады екен.
ІІІ топ:
Нанотехнология да өмірге осындай қиял мен әуестік нәтижесінде келген еді. 1986 жылы студент Эрик Дрекслер өзінің "Жасампаз машина" аталатын футуристік эссесінде тұңгыш рет молекулярлы технология атауын қолданады. Ол фантаст-жазушы Станислав Лемнің идеяларына өз қиял-болжамдарын қосақтай отырып, "Саналы тіршілік ортасының" жалпы бет-бейнесін жасап шығады. Осы болжамға сәйкес, XXI ғасырда нанороботтар әрбір заттың, әрбір адам ағзасының ішіне енгізіледі де, адамзат қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы компьютерге айналады. Мұндай идея Эссе Дрекслерден бұрынырақ пайда болған көрінеді. 1981 жылы ІВМ корпорациясының швейцариялық филиалындағы екі инженер, Герд Бинниг пен Гейнрих Рорер мәнерлеп туннельдеуші микроскоп ойлап тауыпты. Микроскоптың құрылымы аса қарапайым: шамалы қысымға қосылған аса жіңішке ине бір нанометр шамасындағы қашықтықта материалдың үстімен жылжып отырады. Осы кезде инелердің өткір ұшы материалдың беткі қабатына электрондарды тесіп өткізеді де, соның нәтижесінде шамалы тоқ пайда болады, оның көлемі ине мен беткі қабаттың арасындағы қашықтыққа байланысты болады. Осылайша материалдың беткі қабатынан жекелеген атомдарды "ажыратуға" мүмкіндік туады. Бұл ғылымның пайда болуын 1959 жылыНобель сыйлығының лауреаты, АҚШ физигі Р.Фейнманның жеке атомдарды манипулятор көмегімен қозғалту мүмкіндіктері туралы жасаған баяндамасымен байланыстырады. Нанотехнология терминін қолданысқа алғаш рет 1974 жылыжапон физигі Норио Танигути енгізген. Макроскопиялық заңдылықтарға сүйенетін басқа инженер ғылымдарданнанотехнологияның негізгі ерекшелігі, нанонысандар үшін кванттық және молекулааралық өзара әсерлесуінің күшті болуына байланысты. Нанотехнология саласындағы зерттеулер қазірдің өзінде практикалық маңызы зор нәтижелер беруде.
Достарыңызбен бөлісу: |