Сабақтың барысы: І Қызығушылықты ояту І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біз 10-сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады