Сабақтың тақырыбы: « Нашақорлық - ғасыр дерті» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды;
2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;
3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд.
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология