Барлық оқушылар: Оқушыларды бүтін көрсеткішті дәреже, бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері туралы білімін кеңейту, санның стандарт түрімен таныстыру
Оқушылардың басым бөлігі: Оқушыларда санды стандарт түрге келтіру ережесін пайдалана отырып есептер шығару дағдысын қалыптастыру
Кейбір оқушылар: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыр.
Сабақтың тақырыбы:
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық.
1. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалай отырып,
жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
2.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу
(Графикалық диктант: иә- жоқ
- Негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде негізін өзгеріссіз қалдырып, бөлінгіштің дәреже көрсеткішін бөлгіштің дәреже көрсеткішіне қосамыз (азайтамыз)
- (а 3)2 = а 5 тең (а 6)
- (- 3х2у8)2 = 9х4у16 - Дәрежені дәрежеге шығарғанда, негізін өзгертпей дәреже көрсеткіштері қосылады.
- 3-5 ∙ 33 = тең ( )
- Бөлшекті дәрежеге шығарғанда, оның аламының да, бөлімінің де әрбір көбейткішін осы дәрежеге шығарады.
- (2999+ 3001)0 = 6000 –ға тең?
- Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде, олардың дәреже көрсеткіштерін қосып, негіздерін өзгеріссіз қалдырамыз .
- (-а)10 ∙ а5∙ (- а)3 = а 18 (- а 18)
2. сабақтың ортасы
Бүгінгі сабақта санды бүтін көрсеткішті дәреже арқылы стандарт түрде жазуды үйренеміз және есептер шығарамыз.
Санның (мұндағы және n –бүтін сан) көбейтіндісі түрінде жазылуын санның стандарт түрі деп атайды.
Мысалы, жердің массасын беретін санның стандарт түрі 5,976 г, мұндағы n=27, ал су атомының массасын беретін санның стандарт түрі 1,674 г, мұндағы және n= - 24.
Егер сан тандарт түрде жазылса, онда n-ді санның реті деп атайды.
М: берілген сандарда санның реті нешеге тең?
О: 27 және 24
М: Дұрыс. Кез келген оң санды стандарт түрде жазуға болады.
Мысалы, 2 000 000 деген санды алайық. Бұл санды түріне келтірейік.
болу керек, сонда 2*1 000 000 және болады. Ал 1 000 000-ды 10-ның дәрежесіне жазу үшін неше нөл бар сонша дәреже аламыз, яғни n=6, 106 . Сонда стандарт түрде 2 000 000 = 2*106 .
2-мысал. 0,00000047
М: Қандай сан берілген?
О: Ондық бөлшек
М: Бұл санды стандарт түрде жазу үшін мәнін табамыз. . Енді n –ді табу үшін үтірден кейін қанша орын жылжыттық 10-ның сонша дәрежесі деп аламыз. Бұл жағдайда n –ның мәні теріс болады. n= - 7. Сонда 0,00000047 = 4,7*10-7 .
М: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері бүтін көреткішті дәреже үшін де қолданылады: