Сабақ жоспары
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Наурыз туралы өлең, жырлар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға наурыз туралы өлеңдер, бата тілектер туралы әдеби білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, тіл байлықтарын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы. Интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару,
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Төрт түлік малдың қасиетін сұрап білу, түсіндіру.
2.Жаттаған өлеңдерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Топқа бөлу. Психологиялық ахуал туғызу.
Тұрмыс- салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп.
Тұрмыс – салт жырларының ең көп тараған түрі – наурыз жырлары.
Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық, күн жылып, мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..
(осы өлең жолдарын талдап, «Наурыз тойы» дегеніміз не ол жөніңде естіп,білгендерін ортаға салу)
Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Наурыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы,мәңгі деп есептелген.
Әр топ постерге салып, өз жұмыстарын ортаға шығып, қорғайды.
Тапсырма:
І топ.
1. Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.
ІІ топ.
1. Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.
ІІІ топ.
1.Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс мошылық бастауы.
ІҮ топ.
1.Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.
Тапсырма.Әр топқа үлестірмелі карточка таратылып беріледі.Оқушылар талдайды.
Үлестірмелі карточка:
1.Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
2.Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.
Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
3.Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..
Бүгін күн кенелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
4.Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Осы берілген өлең арқылы оқушылар талдайды
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ - жауап
1.Тұмыс – салт жырларының ең көп тараған түрі қандай?
2.Наурыз жыры дегеніміз не?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту: 1.Не білдім? 2.Бағалау
Үй тапсырмасын беру. Мәнерлеп оқу
Достарыңызбен бөлісу: |