XX ғасыр басында отаршылдық қандай сипат алуы мүмкін?
Сабақтың тақырыбы:
Не себепті А. Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп санады?
Оқу мақсаты:
қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;
XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру;
Бағалау критерийлері
Білу және түсіну : ХХ ғасырдың басындағы оқиғалардың Қазақстанға әсерін суреттерді пайдаланып, жіктей алады.
Цитаталардың өзара байланысын анықтап, елде қандай тарихи өзгерістер болғандығын көрсетеді, салдарларын анықтайды.
Сыни ойлау: А.Байтұрсыновтың «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» цитатасына талдау жасап, отарлық саясаттың 4 салдарына аргументтер негіздейді, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдениет аспектіге ажыратады.
.
1-тапсырма.
Өндіріс орындарында адамдар неше сағат жұмыс істеді?
Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды?
Бірінші дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты?
Бірінші дүниежүзілік соғыс қаңдай одақтар арасында болды?
1
2
3
4
5
6
7
8
Берілген суреттер негізінде тарихи оқиға жазыңыз.
4-тапсырма. Цитаталарды авторлармен сәйкестендіріңіз және талдау жасаңыз.
Т.Рысқұлов
«Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды (қазақтарды) құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...»
П. Столыпин
«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатына айналды»
А.Байтұрсынов
«Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін»
Ә.Бөкейханов
«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
Т.Рысқұлов: «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатына айналды»;
П. Столыпин:«Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды (қазақтарды) құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...»
А.Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»
Ә. Бөкейханов: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін»
5-тапсырма.
А.Байтұрсыновтың «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген цитатасы қандай оқиғаға байланысты айтылғанына талдау жасап, отарлық саясаттың салдарына кем дегенде 4-5 дәлел келтіріңіздер.
Саяси жағы
Экономикалық жағы
Әлеуметтік жағы
Мәдениет
Эссе критерийлері:
-тарихи фактілердің болуы;
-өз пікірін білдіру;
-қорытынды жазылуы;
6-тапсырма.
«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» тақырыбына шағын мақала жазыңыз.