Сабақтың тақырыбы Үнемдеген ұтады. Оқу мақсаты



Дата09.06.2018
өлшемі2,21 Mb.
#42159
түріСабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шапиева Жулдыз Жумашевна

Пән: қазақ тілі

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы

Үнемдеген ұтады.




Оқу мақсаты

Тілдік коммуникация барысында мәтіндердің негізінде тіршілік көзі саналатын су туралы түсінігін

қалыптастыру. Лексикалық тақырып аясында сілтеу есімдігін меңгерту.



Сабақтың мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: судың адам өміріндегі орны жайлы ақпарат бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: қарапайым сөйлемдер арқылы әр нәрсенің сұрауы барлығын

айта алады, тіршілік көзі саналатын суды сипаттайды.



Кейбір оқушылар орындай алады тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, сыныптастарымен проблемалар жөнінде диалог құрады.

Алдыңғы білім

Өткен тақырыпты пысықтау

Жоспар. Әдіс – тәсілдер Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма,

«Тірек сөздер» стратегиясы, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, сергіту жаттығуы.



Сабақ кезеңдері (уақыт)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы (Ой қозғау)

0-10


1. Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері», оқушыларды түгендеу.

Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «су» сөзіне ассоциограмма құрғызу.

Интерактивті тақта,

слайдтар, А4 парағы,

маркерлер, плакат,

тақырыпқа қатысты

альбомдар, буклеттер,

смайликтер.



Ортасы

(Мағынаны ашу)

10 – 25


Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.

Үнемдеу, ұту, емдік қасиеті, шипалы, тапшы, жерасты сулары, қоры, тіршілік

көзі, сұрауы бар.

2. Мәтіналды жұмыс. 1, 3-тапсырмалар. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды, сұрау есімдіктерімен сәйкестендіреді, жұмбақты шешеді,

сөйлемдердің әрқайсысына үш сұрақ қояды.



2 – тапсырма. Судың қолданылуы бойынша сөздерді қолданып, мәтін құрайды, сөздерді сұрақтар бойынша кестеге жазады.

3. Грамматика. Сілтеу есімдігі.

4. Мәтінмен жұмыс. а) 4 – тапсырма. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға

машықтанады.

ә) 5 – тапсырма. Диалогтен қою қаріппен берілген сөздерді табады, аудармасын жазады, сөз тіркестерін құрайды.

б) 7 – тапсырма. Асты сызылған сөздерге сұрақ қояды, сұрау есімдіктерін

жіктейді, тәуелдейді.



9 – тапсырма Мақалдарды аяқтайды, синквейн дайындайды
«Сыр сандықтағы» сөздер. «Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын

талдайды, есте сақтайды.



Сергіту сәті. «Сөйлемнің жартысы сенде» ойыны.
7. Мәнерлеп оқу. Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айдарында берілген бата-

өлеңді мәнерлеп оқыту.






Соңы 25 – 40

ІІІ. Ойтолғаныс. Топтық жұмыс. «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде

мәтін құрғызу.



Бекіту. 10– тапсырма «Судың да сұрауы бар» деген тақырыпта диалог құрады,

Диалогте суға тән белгілерді атайды, дәлелдейді.



Үйге: 6 – тапсырма

Мәтін құрайды

Рефлексия 40 – 42

Түрлі смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.

Жапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет