Зертхана қызметкерлері жұмыстарын кезекпен кезек қорғайды.
ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, Ньютон заңдарын сіздер бүгін көрсетпеген қандай салада қолдануға болады?
№1 ЗЕРТХАНА: поездің қозғалысы: поезд бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде инерциялық санақ жүйесінде қозғалады, демек Ньютонның бірінші заңына сәйкес қозғалады.
№2 ЗЕРТХАНА: тіс емдеу: Тісті емдеу кезінде ешқандай да күш дененің жылдамдығын лезде өзгерте алмайтынын ескеруіміз қажет. Егер тіс жұлатын құралмен кенет тісті жұлып алса, адам денесі жылдамдығын өзгертіп үлгермейді, ал тіс инертті дене ретінде Жерге қатысты үдеу алады.
№3 ЗЕРТХАНА: атарба: Ньютонның үшінші заңына сүйенетін болсақ, ат арбаны қандай күшпен тартатын болса, арба да атты сондай күшпен тартады.
ДИРЕКТОР: Сонымен, құрметті, №1, №2, №3 зертхананың ғылыми қызметкерлері, бүгінгі кеңесіміздің күн тәртібінде тұрған үш мәселе де талқыланып өтті. Соның нәтижесінде қеңестің қаулысы шығарылсын:
Қаулы:
№____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан жоғары деңгейде зертеу жүргізгендері атап өтілсін.
№____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын зертеу кезінде жіберген қателеріне байланысты қызметкерлердің жұмысына жақсы деген баға берілсін.
№____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан зерттулеріне қанағаттанарлық деген баға берілсің.
ДИРЕКТОР: осы қаулыға алып-қосарларыңыз бар ма? оқылған қаулы қабылдансың дегендеріңіз қол көтерулеріңізді сұраймын. Қарсы шыққандар бар ма? Қалыс қалғандар? Олай болса, бүгінгі кеңесіміздің қаулысы хаттамаға тіркелсің.
ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, бүгінгі істеген жұмыстарыңыз үшін рахмет. Келесі ғылыми кеңеске Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс заңын талқылап өмірдегі қолданысы мен маңыздылығын зерттеп келулеріңіз сұралады. Осыменен, бүгінгі кеңесіміз жабық деп жарияланады. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |