9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийлері:
Дене жылдамдығының өзгеруі мен оның массасы арасындағы байланысты түсіндіре алады
Дене қозғалысы жылдамдығының өзгеру себебін біледі
Ньютонның екінші заңы бойынша мысалдарды түсіндіріп, есептерді шығарады
Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде масса деп аталатын физикалық шамасы қолданылады.
Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.
F1
F2
Күш неғұрлым көп болса, үдеу соғұрлым көп болады.
F1
F2
Дененің массасы неғұрлым көп болса, үдеу соғұрлым аз болады.
Ньютонның екінші заңы
Дененің алатын үдеуі сол денеге әрекет ететін теңәрекетті күшіне тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал.
Ньютонның екінші заңы
мұндағы, F – денеге әсер ететін күш [Н],
m – дененің массасы [кг],
a – дененің алатын үдеуі [м/с²]
Ньютонның екінші заңы
Егер екі дене өзара әрекеттесетін болса, онда олардың алатын үдеулері массаларына кері пропорционал болады.
(W) Анимация бойынша талдау жасау
Дененің массасы мен алатын үдеуі арасындағы байланысты көрсету;
Дененің алатын үдеуі мен оған түсірілетін күш арасындағы байланысты көрсету.
Суретте битамен соқтығысқаннан кейінгі доптың қалай қозғалатыны көрсетілген. Соққы (күш) неғұрлым қатты болған сайын, доп соғұрлым үлкен үдеумен қозғалады, яғни соғұрлым оның жалдамдығы да арта түседі.
Тапсырма: Осы сияқты Ньютонның екінші заңының қолданылуына мысал келтіріңдер.
(W) Есептер шығару
(W) Есептер шығару
Дескрипторлар:
Есептер шығаруда Ньютоның екінші заңын қолданады
Есептер шығаруда математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді