Сабақтың тақырыбы: Нүкте, түзі және кесінді Сабақтың мақсаты


Оқулықпен, тақтамен жұмыс



бет4/9
Дата01.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#12844
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

  1. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 950. онымен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысын табыңдар. Жауабы: 950

  2. АВС үшбұрышында . В төбесіндегі сыртқы бұрышы 720. Үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар. Жауабы:

  3. Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңдар. Жауабы: 1100

  4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының бірі 300-қа тең, ал сыртқы бұрыштарының бірі 400-қа тең. Үшбұрыштың қалған бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 1400, 100

  5. АВС үшбұрышының А және В төбелеріндегі сыртқы бұрыштардың қосындысы (әрбір төбеден бір-бірден алынған) қосындысы 2400-қа тең. Үшбұрыштың С бұрышын табыңдар.

Жауабы: 600

  1. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 1120-қа тең. Осы бұрышпен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының бірі екіншісінен 380-қа артық. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 370, 680, 750

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрышын табыңдар. Жауабы:600, 1200

  3. МNК үшбұрышында NК=18 см, ал N бұрышының сыртқы бұрышы 1500 тең. MN-ге жүргізілген биіктікті табыңыз. Жауабы: 9 см

  4. Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 1000 және 1500. Үшбұрыштың үшінші сыртқы бұрышын табыңыз. Жауабы: 1100.

Қорытындылау

Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

Үйге тапсырма беру: оқуға §6.2. есеп: № 177, 179



Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:28

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теорема.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теореманы білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

Жаңа тақырып:

Теорема,1. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен қабырғасына үлкен бұрышы жатады.

Мысалдар.



  1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катетінен үлкен болатынын көрсетейік.

Шынында да, гипотенуза тік бұрышқа қарсы жатыр, ал катет сүйір бұрышқа қарсы жатады. Тік бұрыш сүйір бұрыштан үлкен болғандықтан, дәлелденген теорема бойынша, гипотенуза катеттен үлкен болады.

  1. Тік бұрышты үшбұрыштарда гипотенуза катеттен үлкен болатынын көрсетіңдер?

  2. Үшбұрыштар теңсіздігі жөніндегі теореманы тұжырымдап, дәлелдеңдер.

  3. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан үлкен болатынын көрсетіңдер.

/оқушы тақтада орындайды/

5.Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№184,185,186,187

Үйге тапсырма беру:§7.1. №188, 189 60-шы беттегі сұрақтарға жауап беру

Қорытындылау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Геометрия, 7 сынып

Реті:29


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теорема.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теореманы білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

3. Қайталауға арналған сұрақтар:


  • АВС үшбұрышында АВ>ВС>АС. Үшбұрыштың бұрыштары туралы не айтуға болады?

  • Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттерінің әрқайсысынан үлкен болатыны неліктен?

  • Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына іргелес бұрыштары не себептен тең болады?

  • Тең қабырғалы үшбұрыштың барлық бұрыштары тең болатыны не себепті?

4.Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№190,191,192,193, 196



Қосымша Есептер:

1. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғасынан 1 см артық, бірақ бүйір қабырғаларының қосындысынан 4 см кем. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 5, 5, 6



2. Қабырғалары 5, 12, 13 болып келетін үшбұрыштың ең үлкен бұрышы қандай? Жауабы:900

  1. Қабырғалары , 6 және 12 болып келетін үшбұрыштың екі бұрышы қандай? Жауабы: 300

  2. Қабырғалары , 4, 8 болып келетін үшбұрыштың бұрыштарының үлкенін табыңыз. Жауабы: 900

  3. АВД және АДС үшбұрыштарында АВ=АС, ВД=ДС, . ДАС бұрышын табыңыз. Жауабы: 300

Үйге тапсырма беру: §7.1; №197, 198 60-шы беттегі сұрақтарға жауап беру

Қорытындылау



Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:30

Күні:


Сабақтың тақырыбы: ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алған білімдерін тексеру..

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Бақылау жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Бақылау жұмысы:

І нұсқа

ІІ нұсқа

1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 24см, ал АВД үшбұрышының периметрі 18см болса, онда АД-ны тап



1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 18см, ал АВД үшбұрышының периметрі 13см болса, онда АД-ны тап



2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 18метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.



2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 15метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.



3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 200-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 200 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.



3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 250-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 250 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.



4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 3есе артық болды. Бұрыштарды тап.



4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 2есе артық болды. Бұрыштарды тап.



Үйге тапсырма: қайталау

Геометрия, 7 сынып

Реті:31

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: қатемен жұмыс

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру



  1. Бақылау жұмысыда жіберілген қателермен жұмыс жаса




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет