X сынып. Әдебиет. Қоғамдық гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы Есқали сұпыға айтқаны
● Американдық психолог, ғалым Б.С.Блумның таксономиялық жүйесін пайдалана отырып түсіндіру.
І.Білу.
● Қашаған кім, оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
● Өлеңді оқу.
● Сөздік жұмысы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі халық арасында жырлары кең тараған суырып салма дүлділ ақын. Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікмен ССР-ы Ташауыз қаласының маңындағы қазақ ауылында дүниеге келген.
Шежірелік түзілім бойынша таратсақ: Адай-Құдайке-Қосай-Бәли-Есберді-Алдаберді-Түбай (Түбек)-Оразбай-Шанықұл-Дүйсенбай-Күржіман, Адай атамыздың он бірінші ұрпағы.
Шығармалары: «Атамекен», «Адай тегі», «Топан», дастандары, өлеңдері, айтыстары.
Құрмаңғазы Сағырбайұлы (1818-1889) қазақтың күйші-компазиторы, домбырашы.
Шығармалары: «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Адай» т.б. күйлері.
Шарғы – шариғат.
Бақырған – Сүлеймен Бақырғани кітабы.
Барсиса - діни кітаптардағы сұпы бола жүріп, шайтанға еріп азғындық жолға түсіп, Құдайдың қарғысына ұшыраған адам.
Насуха – бұл адам күнәкәр, қанішер, адам бола тұрып, соңынан адалдық жолға түсіпті мыс.
Қағба – мұсылмандардың Меккедегі ғибадат ету орны.
Достарыңызбен бөлісу: |