Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық... Сабақтың мақсаты: . Оқушылар мамандық түрлерімен танысады, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныса отырып, олардың маңыздылығы туралы білім алады. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсінеді. Әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттері дамиды. Шығармашылық белсенділіктері дамиды, әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылықтары артады. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, сызбалар, Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, жандандыру, сұрақ - жауап. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: топтық жұмыс Техникалық құрал: интербелсенді тақта. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Бүгін біз үшін ерекше сабақ. Мен сендерге сабақта сәттілік тілеймін. 2. Психологиялық сәт. Бақыт менде, Бақыт сенде, Бейбітшілік, бейбітшілік. Бейбітшілік менде Бейбітшілік сенде Бейбітшілік барлық жерде.
II. Өткенді пысықтау: 1. Үй тапсырмасына не берілді? . 1 - топ. Өлеңді тізбектеп, мәнерлеп оқу. 2 - топ. Сурет бойынша әңгіме жазу. 3 - топ. Сөздік жұмыс.Кейіптеу,Сәукеле деген не? . Ой қозғау
1.Әзір ас жоқ дүниеде,
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
..Барлық істің батыры –біз,
Екі қолмен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді ?
Сабақты кім оқиды ?
Көйлекті кім тоқиды ?
Тұқымды кім себеді ?
Үйлерді кім салады ?
Кенді кім табады ?
Кітапты кім жазады ?(Кестені толтырады)
Тірек сызбаны орындату
Осы сөздерді бір атаумен қалай айтамыз? (Мамандық)
.
. Әр топқа мамандық бойынша ат қою. 1 - топ - Мұғалім. 2 - топ - Дәрігер. 3 - топ - Биші.
III. Жаңа сабаққа көшу кезеңі: . 1 - топ. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек? 2 - топ. Еңбек деген не? 3 - топ. Мамандық деген не?
IY. Жаңа сабақ: 1. Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз. Ақын туралы түсінік беру. (Дәптерге күн ретін, тақырыпты жаздырту.) 2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік. 3. Өлеңді мәнерлеп оқу. 4. Іштей оқу. 5. Әр шумақты оқушыларға оқыту Мен таңдайтын мамандық... Ай - һой, ғажап қандай бұл! Ал, қане, кәсіп таңдай біл: Аламын қандай мамандық, Алдымда толған таңдау тұр. Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі небір тарландар. Әуелей ұшқан аққудың Әсерлі үнін салған дәл Әміре менен Күләштай, Әнші болсам не арман бар?
Кәсіпкер болсам егер де, Бар әлемді кезем де: Бар пайданы ойламай, Барымды берем мен елге.
Велосипед мініп, одан да Вело - спортшы болам ба? Вело жарыс жолында Великпен желден озам да.
Геолог болып тегі мен, Гүл жайнаған өңірден: Гуілдеп күн - түн тынбайтын, Газдың ашам кенін мен. Ғалымның жолы ғажайып! Ғибрат сабақ алайық, Ғұмыр бойы ізденіп, Ғанибет ашу - жаңалық.
Ес көретін өз елі, Ер мінезді, беделді: Ел мен елді дос етер, Елші болғым келеді... Әр шумаққа тоқталып, сурет бойынша түсінік беру : Сөздік жұмысы 6. Сергіту сәті. Y. Бекіту. 1 - топ. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталды? 2топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар? 3 - топ. Өлеңде өз таңдаған мамандығың бар ма екен? Сол мамандық жайлы білетін тақпақтар айтып көрейік.
5. Ой қозғау. 1 - топ. Ойлан, тап! Ойыны.Қима қағазға жазылған мамандық таратылады, оқушылар сол мамандықты ыммен көрсетуі керек.Қалғандары сол мамандықты табуы керек.(Хатшы,сатушы ,Жүргізуші,сварщик, есепші,хирург, кітапханашы, 2 - топ. Мамандық түрін олардың құралдары арқылы табайық.
Тарағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? (шаштараз)
- Қалағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
- Күрегі бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Диқан) 3 - топ. Мамандықтар туралы жұмбақтар айту.
YII. Сабақты қорытындылау: «5 саусақ бірдей емес дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине әр адам өзінше қызықты.Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. YII. Үйге тапсырма беру: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. 2. Таңдаған мамандық туралы шағын әңгіме жаз.. YIII. Бағалау.