Сабақтың тақырыбы: Қобызшы Ықылас Дүкенұлы



бет1/8
Дата29.06.2017
өлшемі0,7 Mb.
#20597
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Базарбаева Б. музыка 4 сынып Қобызшы Ы.Дүкенұлы

Сабақтың тақырыбы: Қобызшы Ықылас Дүкенұлы.

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың музыка өнеріне сүйіспеншілігін оята отырып, ұлттық өнерге, әдет -ғұрпын сақтауға, адамгершілікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу. Атақты күйші Ықылас Дүкенұлының күйлері арқылы оқушылардың білім-танымын қасиеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Күйшінің портреті, домбыра, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Ал, қанеқи, балалар,

Сәлемдесіп алайық,

Сабағымызға керекті

Кітап, дәптер алайық.

Тыныштықты сақтайық,

Тазалықтан қашпайық,

Даусымызды жаттықтырып,

Ән сабағын бастайық.



2. Үй тапсырмасын сұрау.

Қаратаудың күй алыбы Төлеген Момбеков.

Төмендегі сұрақтарды бере отырып, оқушылардың білімін, үй тапсырмасын орындалуын тексеремін.

1. Күй дегеніміз не?

2. Күйлер қандай аспапта орындалады?

3. Төлеген Момбеков кім?

4. Домбырашылық өнер кімнен дарыған?

5. Төлеген Момбековтың ұстаздары кімдер?

6. Ол кімнің күйлерін шебер орындаған?

7. Сүгір Әлиұлы кім?

8. Сүгірдің "Бес жорға" күйі туралы кім әңгімелейді?



3. Қима қағаздар тарқату.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет