3. Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.
4. Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.
1- тапсырма. Оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер, жаттығулар барысында сақтаңдар.
Допты лақтыру әдістерін орындаңдар.
«Кім епті?» әдісі
Дескриптор : Білім алушы
-Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
-Бір қолмен иықтан беру әдісін дұрыс орындайды;
-Екі қолмен кеудеден лақтыру әдісін дұрыс орындайды;
-Жоғарыдан бір қолмен беру әдісін дұрыс орындайды;
-Бір қолмен төменнен беру әдісін дұрыс орындайды;
ҚБ. «Баc бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Сұрақ-жауап: Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет пе? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?
Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?
2- тапсырма. Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар жұпта жұмыс жасайды.
Баскетболшының тұрысын, допты алып жүру тәсілдерін орындаңдар.
«Қолды жұмысқа жұмылдыру» әдісі
а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;
в) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.
Достарыңызбен бөлісу: |