(Ж, Т, ҚБ) «Шаршы арқылы». Алаң үш шаршыға бөлінеді «5 х 5 м). Соңғы шарышларда үш ойыншыдан, ал ортаңғы шаршыда екі ойыншыдан (жүргізуші) болады. Белгі берілген кезде оң шаршыдан тұрған ойыншылар допты бір-біріне береді (аяқпен), содан соң ыңғайы кеген кезде ортадағы шаршы арқылы сол жақтағы шаршыға береді. Жүргізушілер жеке немесе жұп болып жұмыс жасап, допты алып қоюға тырысады (бұл мақсатпен соңғы шаршыларға барады). Егер допты ұстай алса, олар доптан айырылып қалған ойыншымен орын ауыстырып, ойын одан әрі жалғаса береді. Қолында добы бар ойыншыларға шаршының сыртына шығуға рұқсат берілмейді. Жүргізуші үш шаршының кез келгенінде жүре алады. Егер ойыншы техникалық қателік жіберіп, доптан айырылып қалса, жүргізуші болады.
(Ж, Т, ҚБ) «Бір қақпаға доп салу». Сынып 4 командаға бөлінеді. Екі команда футбол алаңының бір жартысында, қалған екеуі екінші жартысында ойнайды. Әр ойын алаңында бір команда-шабуылшы, екіншісі-қорғаушы. Ортадағы сызықтан ойынды бастаған шабуылшылар допты қақпаға салуға тырысады. Қорғаушылар бұған жол бермеуге жұмыстанады. Шабуыл уақытын шектеуге болады, мысалы 3 минутқа, одан кейін доп қарсылас командаға беріліп, командалар орындарымен ауысады. Егер командалар қақпаға допты тепсе, оларға бір ұпай беріледі, егер қақпаға сала алса, 3 ұпай беріледі. Шабуылдан кейін командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
|
Оқушыларға бұл ойынның мақсаты допты дұрыс қолдана білу екенін түсіндіріңіз. Оқушыларға ойын ережесін жақсылап айтыңыз. Шаршына бормен немесе фишкамен белгілеңіз, оқушылар ойын алаңының шекарасын көруі керек. Оқушылардың қандай қателік жіберген кезде жүргізуші болатынын түсіндіріңіз. Ойынды талдаңыз, оқушылардан ойын ережесін өзгертуді сұраңыз.
Допты штрафтық алаңнан ғана тебуге болады:
Нұсқа: Допты алған қорғаушылар онымен ортаңғы сызыққа дейін жетуге тырысады. Егер дұрыс орындаса, оларға екі ұпай беріледі.
-Ойын уақытын 8-10 минутқа дейін ұзартуға болады, одан кейін командалар рөлдерімен ауысады. Оқушылар кез келген қиын жағдайларда тапсырмаларды орындап үйренуі керек.
Сұраңыз: Командалық ойында ойыншылардың дағдыларын жақсарту үшін не істеу керек?
Ойында қолданған тактика мен стратегия нәтижелі болды ма?
|
|