Пәнге қатысты лексика мен терминология
Тазқарын, қарын, жемсау, ұлтабар, жұмыршақ, қатпаршақ, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, жұтқыншақ, өңеш.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы
Жауын құрты асқорыту жүйесінің ерекшелігі ....... болып табылады. Күйіс қайыратын жануарлардың асқорыту жүйесіндегі ......, ал адамда ........ болады. Адамның асқазанынан кейін ас ........., ал жануарда қатпаршақтан кейін ....... түседі.
Құндылықтарды дарыту
|
Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.
Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Асқорыту мүшелерінде жүрілетін процесстер арқылы химия пәнімен байланысады.
|
Алдыңғы білім
|
Тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттері- 6 сынып, қоректену типтері, органикалық заттар -7 сынып.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ қезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Оқыту көздері мен ресурстар
|
Сабақтың басы
|
0-5 мин
|
Оқушыларға «Ағзалар асты не үшін қорытады?» сұрағын талқылау ұсынылады. Бұл сұрақ арқылы оқушылар астың ағзаға сіңірілу үшін қорытылатынын түсінеді. Оқушылар астың ағзаға сіңетіндей түрге өзгеруі асқорыту жұмысының нәтижесі деген қорытындыға келеді. Оқушылар астың түріне байланысты асқорыту жүйелері де әртүрлі деген қорытынды шығару үшін, астың қорытылуы әр ағзада бірдей ме деп сұрау дұрыс. Жауапты қорек түріне байланысты асқорыту жүйелерінің құрылысы да әртүрлі деген қорытындыға қарай бағыттаған жөн.
Осы талқылаудан шығарылған қорытынды бойынша «сонымен бүгін не туралы өтеміз?» сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Асқорыту жүйесі туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.
|
1 – 2 слайд
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |