Күнделікті іс-әрекеттер Бұл жерде бар мәселе байқағыштықта жатыр. Өз іс-әрекетіңді естіртіп айтуға, барлық сезім мүшесін қолдануға да болады. Басында бұл әдіс оғаш көрінгенімен кейін нәтижесі болады.
Есте қалмайтын күнделікті іс-әрекеттерге назар аударып, ми басқа сезім мүшелерінен түсетін сигналдарды қолдануы мүмкін. Бұл әдістің мәні күнделікті ағымдағы тапсырмаларға назар аудару болып табылады.
Бір нәрсені еске түсіру үшін оны басқа заттармен ойша байланыстыру керек. Әріптер немесе цифрларды сақтағаннан мида сурет жақсы сақталады. Бұл өте қарапайым техника, бірақ ол үшін жаттығу керек.
Көзге елестету, ойша қиялдау
Бір нәрсені есте сақтау үшін ойша қиялдау. Көп сөзді есте сақтау қажеттілігінен арылуға болады. Елестету (воображение) арқылы фильмді, тіпті эпизодтарды бүге-шегесіне дейін еске түсіруге болады. Бұл есте сақтауды жақсартудың қуатты құралы болып табылады. Ақпараттарды бейнелейтін суреттерді мағынасына қарай жүйелі байланыстырып, өз киноңды жасауға болады.
Бейнелі түрде есте сақтау сөзбен есте сақтаудан едәуір күшті. Кеңестер мен ескертулер