Сабақтың тақырыбы: Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Мұғалімнің аты-жөні



бет48/156
Дата07.02.2022
өлшемі8,59 Mb.
#84237
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ[1]

Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Гүл суреттері бойынша бөліну.
Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Жіптік құбыр» тренинг
Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны екіге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжыйды..

1-топ:
Раушан
2-топ:Тұңғиық
3-топ:Түймедақ

«Жіптік құбыр» тренинг, қағаздар, шарик.



Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Жапырақтың ішкі құрылысы қызмет атқаруға бейімделген. Жапырақтың іші шырынды жасыл жұмсақ болатынын байқаған шығарсыңдар. Бұл негізгі фотосинтездеуші ұлпа (ткань) жасушалары– паренõима. Олар хлоропластарға бай, сондықтан ашық жасыл түске ие. Осы жасушаларда фотосинтез жүреді. Бұл жасушалар біркелкі емес. Көлденең орналасқан, жарық жақсы түсетін жапырақтарда айқын ажыратылатын екі қабат түзеді. Бұл қабаттар жарық микроскопынан жақсы көрінеді. Жоғары қабаты бағаналы паренõима деп аталады. Оның жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан бағаналар сияқты. Олар біршама созылыңқы, цилиндр пішінді және едәуір жіңішке бөлігімен жарыққа бұрылған. Бұлай орналасуы күн сәулесін барынша қабылдауға мүмкіндік береді. Екінші – ішкі қабаты тікелей күн сәулесі түспейтін жапырақтың төменгі жағында орналасқан. Ол кеуекті немесе кеуекті паренõима деп аталады. Оның жасушалары едәуір дөңгелек, кеуек (бос) орналасқан. Олардың арасында ауаға толы көп бос кеңістік бар. Бұл қабат бос қуыстары көп кеуекті губкаға ұқсайтындықтан осындай атау алған. Осы қабатқа байланысты бағаналы жасушаларға газдар жеткізіледі. Себебі кеуекті қабат жасушалары да жасыл түсті болғандықтан оларда да фотосинтез үдерісі жүреді. Бірақ оның қарқындылығы бағаналы жасушаларға қарағанда төмен, себебі жасушалардың төменгі қабатына күн сәулесі аз түседі.
Егер барлық жапырақ көлеңкеде болса, олардың екі жағынан кеуекті паренõима түзіледі. Ал жапырақ кейбір өсімдіктердегі сияқты (хлорофитум) тік орналасса, екі жағынан да кеуекті ұлпалар болады.
Жапырақтың мөлдір қабықшамен қапталғанын шырынды қалың (мясистый) жапырақтардан (фиалка, алоэ) байқауға болады. Осы мөлдір қабықшаны сылып алуға, лупамен немесе микроскоппен, жарыққа қаратып көруге болады. Жапырақтың қабықшасы қорғаныш қызметін атқаратын жабын ұлпасы болып табылады. Оның жасушалары жарық жақсы өту үшін мөлдір болады.
Жапырақтың төменгі жағында маңызды құрылым – лептесік
(устьица) болады.
Лептесік арқылы заттар өсімдік ішіне түседі және сыртқа бөлінеді. Фотосинтез үшін қажет көмірқышқыл газы мен тыныс алуға керек от- тек түседі. Сыртқа су (буланады) және оттек шығарылады.
Жапырақта заттар тасымалданады. Жапырақтың суды буланды- руы транспирация деп аталады. Өсімдік суды не үшін буландырады? Оның үш себебі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет