Сабақтың тақырыбы: Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Мұғалімнің аты-жөні



бет78/156
Дата07.02.2022
өлшемі8,59 Mb.
#84237
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ[1]

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Қарапайымдар немесе біржасушалы жануарлар жиырылғышвакуоль арқылы бөліп шығаруды жүзеге асырады . Бұл – өсімдік вакуоліне ұқсас жасуша цитопламасында болатын мембра-на көпіршіктері. Оларға судың, тұздар мен басқа да зиянды еріген заттардың артық мөлшері түседі.
Жиырылғыш вакуоль зиянды ерітіндіге толған соң, олар «жиыры-лады». Яғни жиналған заттарды жасушадан сыртқа шығарады.
Жиырылғыш вакуоль алғашқы көпжасушалы жануарлар: губка-лар, ішекқуыстылар (медуза, маржандар т.б.) бөліп шығарудың негізгі мүшесі болып табылады.Жалпақ құрттар – бұл жануарларда дербесшығару мүшелері: «жұлдыз тәрізді жасушалар» алғаш пайда болады. Шеті жұлдыз сияқты,құйғыға (воронкаға) ұқсайтын құрылымныңалдында қозғалатын кірпікшелердің шоғыры болады. Кірпікшелер тербеліп, құйғы ішіне
жасушааралық сұйықтықтан зиянды заттарды кіргізеді. Кірпікшелердің қозғалуын микроскоппен қарағанда жалынның қозғалысына ұқсайды.
Мұндай жасушалар бүкіл дене бойымен екі жағында орналасқан. Олардың барлығы сыртқашығару саңылауымен ашылатын екі ұзын бойлық
шығару өзектеріне ашылады .Жұмыр құрттар. Құрттардың бұл типі өкіл­
дерінің денесі жұмыр, себебі ішкі сұйықтыққа толы болады. Аскариданың бөлу мүшесі – денесінің ортасында бір шығару тесігіне ашылатын бөлу түтікшесі. Ол арқылы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Сонымен қатар осы типтің көптеген өкілдерінде «мойын бездері» деп аталатын мүшесі бар. Бұл жинақтау бүйректері – зәр шығару мүшелері, оған зиянды заттар жиналады, зиянсыздандырылады, бірақ ағза тіршілігін жойғанша сақталады .
Буылтық құрттар типіне денесі буылтықтан құралған секілді көпжасушалы жануарлар жатады. Оған шұбалшаң, сүлік және теңізде, топырақта тіршілік ететін ағзалар жатады. Буылтық құрттарда алғаш рет бөлу мүшелері – зәр шығару түтікшелері – метанефридиялар пайда болады. Олардыңқұрылысының жалпы жоспары мен жұмыс принципікелесі тип жануарлары үшін бірдей. Олардың жұмысын толығырақ қарастырайық.
Метанефридиялар – ұшы сыртқа ашылатын шығару түтікшесі бар құйғы тәрізді болады. Шұбалшаңның әрбір буылтығында (сегмент) ұшы көрші буылтықта (сегментте) ашылатын осындай 2 құйғы бола-ды. Соңғы сегментте құйғы болмайды, себебі ол ашылатын жер жоқ. Шұбалшаң денесіндегі қуыс сұйықтығы құйғыға түседі, оның пайдалы құрамбөліктері: су, қоректік заттар шығару мүшесімен өткен кезде ағзаға кері итеріледі. Онда қалған зиянды заттар қоршаған ортаға шығарылады. Шығару мүшелері эволюциясындағы келесі қадам – бүйректер. Бүйректі микроскоп арқылы қараса, буылтық құрттардың шығару түтікшелеріне – метанефридияларға ұқсас құрылымдардан тұратыны анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет