«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Жаттығудың сипаттамасы: Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)
Ортақ сүрақтар: 1. Фотосинтез дегеніміз не екенін еске түсіріңдер. «Фотосинтез» және
«фотопериодизм» деген түсініктерді сипаттап, салыстырыңдар.
2. «Фотопериодизм құбылысы міндетті, қажет және ортақ сипатқа ие» деген пікірді түсіндіріңдер. Оны мысалдармен дәлелдеңдер.