«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Жаттығудың сипаттамасы: Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)
Ортақ сүрақтар: 1. Рефлекстерді жіктеу тәсілдері туралы айтыңдар.
2. Шартты және шартсыз рефлекстер дегеніміз не?
Оқулық.
«Қар кесегі» әдісі.
Ортасы
10 минут
Қолдану Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Шартты рефлекстер – жүре пайда болады, олар өмір бойы пайда болады және бір түр дарада бірдей емес. Шартты рефлекстер қалыптасу үшін міндетті түрде шартты тітіркендіргіш пен шартсыз тітіркендіргіш үйлесімі қажет.
Итте шартты рефлекстердің түзілуін И.П. Павлов зерттеді. Ол жарықты қосып немесе қоңырауды басып және сол уақытта итке тамақ берген. Ол дыбыс (қоңырау) немесе көру (жарық) сигналдың біреуін қолданған. Бұл тәжірибеде шартсыз тітіркендіргіш тамақ болған. Тамақты көргенде, иісін сезгенде, дәмін көргенде жануарда сілекей бөлінген. Шартсыз тамаққа сілекей бөлу рефлексінің орталығы сопақша мида болған. Жұмысшы мүше сілекей безі болған. Шартты тітіркендіргіш жарық немесе қоңырау болды. Шартты және шартсыз тітіркендіргіш үйлесімін бірнеше рет қайталаған соң итте тамақ болмаса да жарыққа және қоңырауға сілекей бөліне бастаған. Демек, итте жарыққа немесе қоңырауға шартты сілекей бөлу рефлексі пайда болды. Шартты рефлекстердің маңызы зор. Олар жануарларға мінез- құлық генетикалық бағдарламасын түзетуге және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуге көмектеседі. Ағзада шартты рефлекс- тер неғұрлым оңай қалыптасса, қоршаған орта жағдайы өзгерген кезде тірі қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Шартты рефлекстер шартсыз бекітілмесе ол ұзақ уақытқа сақтала бермейді. Шартты рефлекс біртіндеп жойылып кетпеу үшін оны шарт- сыз тітіркендіргішпен бекітіп отыру керек.
Шартты және шартсыз рефлекстің салыстырмалы сипаттамасы кестеде берілген.