Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Мұғалімнің аты-жөні
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары).
7.1.6.1 - өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау(тропизмдер, таксистер);
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Өсімдіктерге тән қозғалу типін атап бере алады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.Өсімдіктерге оң және теріс тропизмнің қажет екенін көрсететін мысалдар келтіре алады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Өсімдіктер мен жануарлардың қозғалуын салыстыра алады, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалаукритерийі
Өсімдіктерге тән қозғалу типін атай алады. Оқулықтан өсімдіктердегі қозғалу және тітіркендіргіш арасындағы байланысты сипаттайтын ақпаратты тауып, түсіндіре алады. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.