ІІ. Алдыңғы оқу мақсатын еске түсіру:
А) «Ғажайып ондық» әдісі арқылы ширату сұрақтарын беру, жеке жұмыс:
1.Көбею деген не?
2.Көбеюдің неше түрі бар?
3.Жыныссыз көбею түрлерін атап бер.
4.Қандай көбею жынысты деп аталады?
5.Жабық тұқымды өсімдіктердің жынысты көбею мүшелерін атап бер.
6.Гүлдің негізгі мүшелерін ата.
7.Қандай гүлдер аталық, қандай гүлдер аналық деп аталады?
8.Жыныссыз гүлдер бола ма?Қандай өсімдіктерде?
9.Жынысты жолмен көбею ерекшелігі неде?
10.Вегетативті көбею жолдарын атап, мысалдар келтір.
Мадақтау арқылы бағалап отыру.
Ә) Топтық жұмыс: «Конверттердегі сұрақтар» әдісі арқылы арқылы «Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері» тақырыбы бойынша білімді қорытындылау:
1. Вегетативті көбеюге өсімдіктің қандай мүшелері қатысады?
2.Неліктен картопты тұқымымен емес, түйнегімен көбейткен тиімді?
3.Қандай өсімдіктер сұлатпа бұтақтарымен көбейеді?
4.Вегетативті көбеюдің практикалық маңызы неде?
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.
«Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа оқу мақсатына кіріспе жасау:
-Балалар табиғатта бунақденеліліердің (аралар,көбелектер,шыбындар)бір гүлден, екінші бір гүлге ұшып-қонып, кейде жорғалап жүргенін байқаған боларсыңдар.Демек олар бір нәрсе жасап жүр.Бұл құбылыс қалай аталады?
-Толық білемін.
-Білемін.
-Менің білгім келеді.
(оқушыларды пікірі бойынша топқа бөлу, санын шығарып қою)
Оқушыларға видеокөрініс көрсетемін. «Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы» Видеокөріністен кейін оқушылармен әңгімелесу:
1.Тозаңдану деген не?
2.Аталық тозаңның аналықтың аузына тасымалдануы қалай болады?
3.Тозаңданудың мәні неде?
Оқушылардың жауабын қорытындылау.
Топтық жұмыс ұйымдастыру, топ басшылары сұрақтары бар қағаздар алады, постер жасайды.
1-топ:Өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
2-топ: Жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктердің белгілерін анықтаңдар.
3-топ: Желмен тозаңданатын өсімдіктерде қандай бейімделушіліктер болады?
Әр топ жасаған жұмыстарын қорғайды (барлығы,үшеуі, топ басшысы)
«Бас бармақты жоғары-төмен қою» әдісі арқылы топтық жұмысты бағалау.
|