Ас қорыту жүйесі: жақ сүйектеріндегі ұсақ тістері мен тілі қорегін ұстауға көмектеседі. Тілінің көмегімен ұсақ жәндіктерді ұстап қоректенеді. Ауыз-жұтқыншақ қуысы - қысқа өңеш – қарын - ащы ішек - тоқ ішек - клоака. Қан айналымы: қосмекенділер - салқын қанды. Қосмекенділер ересектерінің жүрегі 3 бөлікті (екі жүрекше, бір қарынша тұрады). Қан айналымының кіші және үлкен шеңбері болады. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері: қосмекенділер миы 5 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша ми және мишықтан тұрады, дыбыс қабылдайтын дабыл жарғағы көздің артқы жағында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |