Сабақтың тақырыбы: «Отбасы – алтын діңгек»



бет2/5
Дата21.12.2021
өлшемі58,5 Kb.
#104392
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасы - алтын діңгек

Сабақтың барысы: сәлемдесу.

Кезекші дыбыстармен жұмыс: С – З дыбыстары сөздің басында, ортасында кездесетін сөздерді атаңдар. ( отбасы, сіңлі, сағат, сақина, зымыран т.б)

Тіл дамыту жаттығулары: - Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

- Отбасында неше адам бар?

- Сенің атаң, әжең бар ма?

- Отасың қандай?

- Сендер отбасыларында қандайсыңдар?

- Менің отбасым тату-тәтті. (Перизат)

- Мен отбасымда үлгілімін. (Бақытжан)

- Үйде үлкендерді сыйлаймын. (Маншүк)

- Біздің отбасы еңбекқор. (Мақсат)

- Үйде бауырларыма көмектесемін. (Диас)

- Біз отбасында бір-бірімізді сыйлаймыз. (Аяулым)

- Мен отбасымда үлкендерге құрмет көрсетемін. (Роман)

- Біздің отбасы бақытты. (хормен)

- Балалар, мен бүгінгі сабағымды тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр.



«Отбасы – Отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген екен.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, діңгегі. Өйткені, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі. Сол отбасынан біз үлкен өмірге қадам басамыз. Біздің өмірге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше. Ендеше балалар, бәріміз ортаға шығып мына тұрған ленталарды ұстап менің айналама шеңбер құрып тұра қойыңдаршы, біз бұл шеңберді неге ұқсаттық?



  • Киіз үйге.

- Дұрыс айтасыңдар. Төбемізде шаңырақ, ленталар – уық, ал сендер киіз үйдің керегесісіңдер. Ертеректе біздің ата-әжелеріміз киіз үйде өмір сүрген. Бұл киіз үйде тұрған әрбір қазақ отбасы бақытты, тату-тәтті тұрған. Яғни, олай болса, біздің де бүгінгі сабағымыз отбасы жайлы болмақ. Сіздерге рахмет, орындарыңызға барып жайғасуларына болады.

- Балалар, отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

- Ия, ата, әже, әке, ана, аға, іні, қарындас, сіңлі, апа.

- Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.

Әке – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ - деген ата-бабаларымыз.

Отбасындағы атаның беделі әкеден де жоғары, өмірлік тәжірибесі мол, әулеттің тірегі. Отбасында атаны өте жоғары қадірлейміз, құрметтейміз. Сондықтан да ата-бабаларымыз қазақ отбасын әрдайым мәуелі бәйтерекке теңеген. Бәйтеректің биік шыңы – ата, жапырағы - әке, тамыры – балалары. Міне, балалар, біздің де осындай үлкен отбасымыз бар. Сендердің ата-әжелеріңіз, ата-аналарыңыз бүгін сіздердің білімдеріңізді тексерейін деп сендерге тапсырмалар беріп жіберген. Сол кісілердің сенімдерін ақтау үшін барлық тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?

- Жарайсыңдар, олай болса атаның тапсырмасынан басталық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет