Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері Сабақтың мақсаты



Дата05.02.2022
өлшемі78,64 Kb.
#25502
түріСабақ

Сабақ жоспары

Уақыты

Сыныбы:

2 сынып




Пәні:

Дүниетану




Сабақтың тақырыбы:

Отбасы мүшелері және олардың міндеттері




Сабақтың мақсаты:
Білімділік:



Оқушыларға  "отбасы" түсінігін қалыптастыру, Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің  міндеттерімен өзара қарым- қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы  түсіндіру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу. Түрлі  тапсырмаларды орындау  арқылы сөйлеу   дағдыларын,шеберліктерін  қалыптастыру.






Дамытушылық:



Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени  ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, шеберліктерін, пәнге  деген  қызығушылығын,  дүниетанымын  дамыту.






Тәрбиелік:



Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.






Сабақтың түрі:

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.






Сабақтың типі: 

Дәстүрлі емес






Сабақтың әдістері:

көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс , әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру.






Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, көркем суреттер, үлестірмелі материалдар,




Оқыту технологиясы:

Ақпараттық -коммуникативтік технологиясы.






Пәнаралық байланыс:

Математика, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.






Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Ә) кезекші рапорты
(кезекші сыныпты түгендеп, үй тапсырмасы қандай болғанын айтады)





2 мин


1 мин




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Жануарлар мен өсімдіктердің қызыл кітабы»
Қызыл кітап дегеніміз не?
Мен ата заңды неге сендерге көрсетіп отырмын?
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерден білетінің бар ма?





5 мин




ІІІ. Жаңа тақырып
Кіріспе
А) Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шығу
«Отбасы» осы сөзді қалай түсінесіңдер? (ата-әже, әке-ана,аға-іні, апа –сіңлі- олар кімдер? Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?


Ә) Суретпен жұмыс, өлеңнің мағынасын ашу
Суретті және өлеңді түсіндір. Қандай отбасы деп ойлайсың?
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.



3 мин
3 мин




Негізгі
А) Оқулықпен жұмыс (73-74 бет)
Ең алдымен мәтіннің тақырыбына көңіл аудар. Мүшелері, міндет дегенді қалай түсінесің?
Ә) мәтінді түйіндеу (сұрақ- жауап арқылы)
Сонымен, отбасы дегеніміз не?
Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары
Ата-ана міндеттері туралы не айтасыңдар?
Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. Отбасын қорғау.
«Батыр ана» қалай түсінесің?
Көп баланыдүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.
Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «алтын алқа» беріледі.
Б) « менің отбасым» өз отбасы жайлы әңгіме
Оқушылардың өз отбасылары жайлы әңгімелеу



5 мин


3 мин
5 мин




Сергіту сәті
«Үйде біз нешеуміз?» санамақ
Кел,санайық екеуміз.
Бас бармағым –атам.
Балаң үйрек-әжем.
Ортан терек –әкем.
Шылдыр шүмек –анам.
Кішкене бөбек- сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз .
Жұдырықтай жұмылған
Тату тәтті бәріміз
Бір үйде тұрамыз.

2 мин




Шығармашылық тапсырма


«Отбасындағы менің міндеттерім» (сурет, өлең, шығарма)
Әр бала өзінің мектепте немесе отбасындағы міндетін қалауы бойынша белгілі бір формада көрсетеді.
Мыс: оқушының міндеттері:

  1. Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  2. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  3. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  4. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  5. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  6. Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  7. Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  8. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  9. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  10. Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.






5 мин




Қорытынды:
«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) (музыка қосып қою)
Мыс: мынау менің отбасымның ағашы.Бұл ағаш әлі де жалғасып келеді. Әр бала берілген ағаш суретіне отбасында бірге тұратын туыстарды атап, жабыстыру керек



5 мин




Үйге тапсырма:
Мәтінді оқып, мазмұндау
«Ананың қолы-Алтын» шағын шығарма жазу

2 мин




Бағалау (оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты)

1 мин




«Жүректен жұрекке» тілек білдіру
Анаң-күнің жүрегің, Әкең - өмір тірегің
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
Әжең-асыл ардағың, Атаң – дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
Ағаң- қамқор асқарың, Інің –мөлдір аспаның,
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.



3 мин



.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет