Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
1.Ұйымдастыру.
А) Шаттық шеңберін құру
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Міне, сендермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй бөлшектері сияқты біздің сыныбымыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Б) Оқушылар «Уық», «Кереге», «Шаңырақ» суреттерін таңдау арқылы топқа бөлінеді.
1-топ. «Уық»
2-топ. «Кереге»
3-топ. «Шаңырақ»
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Оқушылар «Уық», «Кереге», «Шаңырақ» суреттерін таңдау арқылы топқа бөлінеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Тыңдалым алды тапсырмасы:
Оқушыларға суретті кесте беріледі.Сол суреттердің жанына тірек сөздер жазу және ортақ тақырып қою арқылы жаңа тақырыпты болжайды.
«Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні»
|
Тірек сөздер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ортақ тақырып:
|
|
Тыңдалым тапсырмасы:
1-тапсырма.
«Той бастар» жырын аудиотаспадан тыңдайды. Жырдың тәрбиелік мәнін «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы айтады.
.
Оқушылардың жауаптары әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бағаланады.
ҚБ
Егер жауап дұрыс және нақты болса;
Егер жауабы дұрыс, бірақ нақтылықты қажет етсе;
Егер жауабы толықтыруды қажет етсе.
|
Тақырыпты анықтауға арналған критериалды бағалау парақшасы
Критерий
|
Дескриптер
|
Әр суретке қатысты 3 тірек сөзін жазу
|
Әр суретке қатысты 3 тірек сөз жаза алады
|
Тақырып болжамын дәл, нақты жазу
|
Тақырып болжамын дәл, нақты жаза алады
|
Отбасылық мереке түрін атау
|
Отбасылық мереке түрін ажырата алады, айтады.
|
Мысалы:
Менің ойымша, «Той бастар» қазақ халқының ұлттық салтын көрсететін жыр.
Себебі, мен оны атам заманнан ата-бабаларымыздан бізге жеткен жыр екенін білемін, түсіндіремін.
Тойбастар жыры қазіргі күні отау құрған жас жұбайлардың тойында айтылатын болса, бұрын оны қыз ұзатқанда айтатын болған. Мен оны мына жыр жолдарымен дәлелдеймін:
Егіліп сен жылайсың: «Елім-ай!» - деп,
«Құрбылас, ойнап-күлген теңім-ай!», - деп.
Бұл жыр маңызды, осыны ескере, мен халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін сақтауымыз керек деген шешімге келдім
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
2-тапсырма:
«Суреттен суретті өрбіту» тәсілі арқылы суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңдар.
|
Кітаппен жұмыс
I топ
5-тапсырма. Төмендегі сөздердің қосарланып айтылатын сыңарын тауып, осы қос сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Кәрі- , той- , табақ- , салт- , ән- . Мысалы: Бүгінгі салтанатты тойға барлық кәрі-жас қатысты.
II топ
6-тапсырма. Тойға, қуанышқа, отбасылық мерекеге қатысты мақал-мәтелдерді жалғастырып жаз.
III топ
8-тапсырма. «Бесік жырын» айту қазіргі қазақ дәстүрінде бар ма? Төменге пікіріңді жаз.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |