8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану
Сабақтың мақсаттары
1.Тотықтырғыш химиялық реакция барысында жылу бөлу арқылы жүретін құбылысты түсіндіру
2.Отын жанғанда бөліп шығаратын жылуы отынның түріне және массасына тәуелділігін сипаттау
3. Жанған отынның бөліп шығаратын жылуы тегіне қарай өзгеріп отыратынын формула арқылы есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийлері
1.Жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөліп шығаратын жанғыш заттардың түрлерін біледі.
2. Көміртек С атомдары мен О оттек атомдары қосылғанда химиялық реакцияға түсіп отын жанатынын түсінеді.
3.Отын жанғанда бөліп шығаратын жылуы отынның түріне және массасына тәуелді екенін анықтай алады.
3.Жанған отынның бөліп шығаратын жылуын формулалар арқылы есеп шығаруда дұрыс қолдана алады.
Тілдік мақсат
Отын,жану,меншікті жану жылуы
Отын деп – жану процессі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады.
Отынның меншікті жану жылуы деп- отынның жылу шығару қабилетін сипаттайтын шаманы айтамыз
Меншікті жану жылуы дегеніміз- массасы 1 кг отын түгел жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері.
Құндылықтарға баулу
Өндірісте және тұрмыста отын энергиясын үнемдеуге бағыттаймын.Елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде,техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесін жасауды қолға алғанын айтамын
Пәнаралық байланыс
Математика-математикалық есептеулер жүргізуде.
Жаратылыс-жаратылыстануда отын түрлерімен танысу
Химия- отынның химиялық реакцияларға түсуі айтылады
Алдыңғы оқу
Отынның қолданылуын жаратылыстану мен химиядан біледі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу , түсіну,қолдану.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Сабақтың басы 7 мин
І.Ұйымдастыру.Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға «Сұрақ-жауап»- әдісі арқылы сұрақ қоюды жоспарлап отырмын.
1-Тапсырма:
1.Жылу мөлшері дегеніміз не?
2.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі қандай ?
3.Денені қыздырғанда оған берілетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?
4..Меншікті жылу сыйымдылықтың анықтамасы қандай?
5.Жылу мөлшерін анықтайтын формуланы жазыңдар?
6.Неліктен ғимаратты жылытатын жылу батареяларына су құйылады?
7.Массалары және температуралары бірдей алюминий және күміс қасықтарды қайнаған суға батырды.Бұл қасықтар судан бірдей жылу мөлшерін ала ма?
8.Калория мен Джоуль бірліктерінің арасында қандай қатынас
.бар?
Дескриптор:
1. Жылу мөлшері қызған дененің жылуының сандық мәні екенін түсіндірді білді.
2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігін білді.
3. Жылу мөлшерін анықтайтын формуланы жаза алды.
4. Әр түрлі заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарының әр түрлі болатындығын түсінді.
Қалыптастырушы бағалау.Оқушыларды жарайсың,керемет,жақсы деген сөздермен ынталандырамын.
Оқулық,есептер жинағы
Сабақтың ортасы
28 мин
ІІІ.Жаңа сабақ
«Ой қозғау» -әдісі арқылы жаңа сабақтың мағанасын ашуды жоспарлап отырмын. Көрсетілім.(балауыз жағу) ,оқушылармен диалог жүргізу арқылы сабақ тақырыбын ашуды жоспарлап отырмын.Мынадай сұрақтар қойылады.
2-тапсырма:
1.Көрсетілімде біз не көрдік?
2.Отты төңкерілген шыны ыдыспен жапсақ нені байқаймыз?
3.Қандай жағдайда от сөнбейді?
3- Тапсырма. «Физикалық диктант» -әдісі арқылы оқулықтан ақпарат беруді жоспарлап отырмын.
...... деп жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады.
Отынның ...... , ....... және ..... тәріздес түрлері болады.
Отынның ....... дегеніміз- тотықтырғыш химиялық реакция.
Отынның жылу шығару қабілетін сипаттайтын шама ..... жану жылуы деп аталады.
«Суретер сөйлейді» -әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлемін
І-топ. Қатты
ІІ-топ. Сұйық ІІІ-топ. Газ
«Денотатты граф»- әдісімен әр топ өзінің тобының атына сәйкес отын түрлерін атайды,оның ерекшіліктерін,қолдану аясын түсіндіреді деп жоспарлап отырмын.
4-Тапсырма
1-топ. Қатты отындардың түрлерін,оның ерекшеліктерін және оларды қайда қолданылатын жазыңдар.
2-топ. Сұйық отындардың түрлерін,оның ерекшеліктерін және қайда, не үшін қолданылатынын жазыңдар.
3-топ. Газ отындардың түрлерін,оның ерекшеліктерін және қайда, не үшін қолданылатынын жазыңдар.
.Дескриптор:
1.Отын тегіне қарай түрлерін атап шықты
2.Оның ерекшіліктерін отын түріне қарай атай алды.
3Отынның қолданатын аясын ажырата алды.
ҚБағалау. Ауызша бағалау
«Миға шабуыл»- әдісі арқылы эксперименттік тапсырма беруді жоспарлап отырмын.
5-тапсырма: Мәтіннен алған білімін "ШЫН ЖАЛҒАН"әдісі
бойынша анықтайды.
Мұғалім:
Сұрақтар
Дұрыс
Бұрыс
Отынының меншікті жану жылуы деп 1кг отын толығымен жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін айтады.
+
Отынның меншікті жану жылуын-q әріпімен белгілейді
+
Өлшем бірлігі Дж/кг.
+
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін табу үшін, отының массасын сол отының меншікті жану жылуына көбейтеміз Q=qm.
+
Тас көмірдің меншікті жану жылуын 4*107Дж/кг
Сарқылмайтын энергия қорларына жел, күн, жердің жылу энергиясы жатады.
Қайта қалпына келетін энергетика қорына тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтары жатады.
+
+
+
ҚБағалау : Ауызша бағалау 4.тасырма «Джигсо»- әдісі бойынша есептер шығаруды жоспарлап отырмын.(әр топқа есептер беріледі).
1-топ есебі.Массасы 32 кг су массасы 20 г керосин толық жанғанда бөлінген энергияны түгелдей алған.Судың температурасының өзгерісі?
2 -топ есебі. Газ плитасындағы 4,4 кг судың температурасы 800С-қа көтерілген.Осы кезде қанша табиғи газ жанған?Бөлінген жылу түгелдей суды ысытуға жұмсалады деп есептеңдер?
Дескриптор:
1.Физикалық шамалардың атауларына қарай белгіленулерін дұрыс жаза алды
2.Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ келтіре білді
3.Отын жанғандағы жылу мөлшерін есептейтін негізгі формуланы жаза алды.
4.Меншікті жану жылуының отын түріне байланысты екенінің мағанасын түсінді.
5.Есептеулер жүргізіп,нәтижеге қол жеткізді.
ҚБағалау.Ауызша бағалау Қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:
1. Массасы 1 кг сутегі толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері сондай құрғақ қайың толық жанғанда бөлініп шығатын жылудан неше есе артық? qс=120106Дж/кг. qа=13106Дж/кг. 2.Газ плитасының үстінде тұрған массасы 2 кг алюминий ыдыстың ішіндегі массасы 1 кг суды 200С-тан 800С-қа дейін қыздыру үшін қанша табиғи газ жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=44106Дж/кг, са920 Дж/кг0С.
Үйге тапсырма: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.3жаттығу 4,5 есеп
І тапсырма
1. ...... деп жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады.
2. Отынның ...... , ....... және ..... тәріздес түрлері болады.
3. Отынның ....... дегеніміз- тотықтырғыш химиялық реакция.
4.Отынның жылу шығару қабілетін сипаттайтын шама ..... жану жылуы деп аталады.
ІІ тапсырма
Сұрақтар
Шын
Жалған
Отынының меншікті жану жылуы деп 1кг отын толығымен жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін айтады.
Отынның меншікті жану жылуын-q әріпімен белгілейді
Өлшем бірлігі Дж/кг.
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін табу үшін, отының массасын сол отының меншікті жану жылуына көбейтеміз Q=qm.
Тас көмірдің меншікті жану жылуын 4*107Дж/кг
Сарқылмайтын энергия қорларына жел, күн, жердің жылу энергиясы жатады.
Қайта қалпына келетін энергетика қорына тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтары жатады.
ІІІ тапсырма
№1 .Массасы 32 кг су массасы 20 г керосин толық жанғанда бөлінген энергияны түгелдей алған.Судың температурасының өзгерісі?
№2 Газ плитасындағы 4,4 кг судың температурасы 800С-қа көтерілген.Осы кезде қанша табиғи газ жанған?Бөлінген жылу түгелдей суды ысытуға жұмсалады деп есептеңдер?