- Сабақтың тақырыбы:
- «Өткен тақырыптарды қайталау»
- 1 сынып
- Математика
- Өткізген: Э.С.Аманшиева
- БІЛІМДІЛІГІ: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.
- Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
- ДАМЫТУШЫЛЫҒЫ: оқушылардың ақыл – ойын, ой – өрісін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
- ТӘРБИЕЛІГІ: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа, бір – біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: сайыс сабақ
- Сабақтың әдісі: ойын сабақ
- Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ауызша есептер, смайликтер, слайд, ертегі.
- Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын.
-
- Психологиялық дайындық
- Қане, біздер ойлайық,
- Ойымызды жинайық
- Қандай есеп болса да,
- Шешпей оны қоймайық
Сыныпты екі топқа бөлу - 1 – топ «Алғырлар»
- 2 – топ «Тапқырлар»
- «Алғырлар» тобының ұраны: Білімдіге дүние жарық,
- Білімсіздің күні қаріп.
- «Тапқырлар» тобының ұраны: Білекті бірді жығады,
- Білімді мыңды жығады.
- Сынып жұмысы
- Өткен тақырыптарды қайталау
- «Алғырлар» «Тапқырлар»
- 7-ні 3-ке арттыр 8-ді 2-ге арттыр
-
- 10-нан 4-ті кеміт 9-ды 3-ке кеміт
- 6-ны 2-ге арттыр 5-ті 4-ке азайт
- 5-тен 3-ті азайт 6-ны 4-ке қос
10 айырмашылығын тап Әже немерелеріне 6 шұлық тоқыды. Әжейдің неше немересі бар? Ойын: «Сандардың көршілерін тап» Топтық жұмыс - 1 – топ «Алғырлар» Сандарды кему ретімен орналастырыңдар.
- 2 – топ «Тапқырлар» Сандарды өсу ретімен орналастырыңдар.
1. Есепте. Сергіту сәті - Есеп сабағы
- Өлеңін жазған:О.Әубәкіров.
- Әнін жазған: К.Қуатбаев.
- 1.Біздің келер шамамыз,
- Бестен үшті аламыз.
- Төртті бөліп екіге,
- Жауабын тез табамыз.
- 2.Біздің келер шамамыз,
- Көбейтуге данамыз.
- Төрт амалды тең білер,
- Өте зерек баламыз.
2. Жазылмаған санды қой. 3. Дөңгелек қанша болса, сонша фигураны боя. - 4. Берілген кесінділердің ұзындығының қосындысына тең кесінді сыз.
5.Есептемей салыстыр. 5.Есептемей салыстыр. - Барлық тапсырма
- дұрыс орындалса
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |