Математика 2 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік:
разрядтан аттау арқылы қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдерін қайталау.
2)Дамытушылық:
өткен тәсілдерді пысықтау оны есеп шығаруда дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік:
туған жерін қастерлеуге,елін сүюге; инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:бәйге, жарыс сабағы. Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, жинақтау; топтастыру стратегиясы Сабақтың жабдықталуы:қазақ батырларының суреттері, сандық, карточкалар, ұзын жіп, таспа. Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру. - Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңдар. -Кәне, балалар,қазір қай сабақ болады? Математика сабағы. Математика сабағына дайын болу үшін алдымен тақтадағы жазуға назар аударайық. Математика – ғылым бұл Сондықтан да, балақай Сол ғылымның тілін біл! -Бүгінгі сабағымыз ашық сабақ, сондықтан көптеген қонақтар келіп отыр. «Келгенше қонақ ұялады Келген соң үй иесі ұялады», демекші біз белсенді жұмыс істеп ұятқа қалмауға тырысайық. -Балалар, бүгінгі сабағымыздың сәтті, көңілді өтуіне тілектерімізді, ойларымызды байланыстырғыш жіп арқылы ортаға салайық. -Ал,балалар, көздеріңді жұмып, өз сыныптастарыңа қандай ортақ тілектер айтар едіңдер? (Бірлік, ұйымшылдық, ынтымақтастық). - -Ендеше, балалар, көздеріңді ашып зейіндеріңізді тақтаға аударып, мына мақалды оқиық.
«Ынтымақсыз іс бітпес». -Олай болса,балалар, осы жіптей үзілмей қол ұстасып, татулықпен бірлесіп бір-бірімізге көмектесе отырып сабағымызда болатын тапсыпмаларды орындайық. 2. Үй жұмысын тексеру. №6 бет179 3. Жаңа сабақ. а) кіріспе -Балалар, бүгінгі сабағымыз «Бәйге» сабағы деп аталады. –Бәйге деген сөздің мағынасын білесіңдер ме? –Бәйге- қазақтың ұлттық ойыны. -Олай болса, балалар,төрт ауылға бөлініп сабағымызды бастайық. Батыр болып киелі Батыр болып бір кезде Батырларды бастапты Қарсыласқан дұшпанды Қайратымен жасқапты. Батырлар ғой, батырлар! Жауға қарсы шыққанда Халқын оңға бастапты. -Бұл өлеңде кімдер туралы айтылып жатыр? Батыр сөзін қалай түсінесіңдер? Қазақ тарихында 18 ғасырдың алғашқы жартысы өте қиын және күрделі кезең болған. Қазақ жеріне, еліне жоңғарлар, қалмақтар, башқұрттар қайта-қайта жан-жақтан шабуыл жасап аш бөріше талады.Мал мен дүние мүлкін тонап, ерін құлдыққа алып, әйелдерін күндікке айдап әкете берген. Олардың мақсаты -қазақ байлығын иемденіп, жерін жаулап алу. Осындай ұрыстарда күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсіп танылған батырларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым батыр, Абылайхан. Бұл батырлар қазақ жерін, елін қорғаған.Ал қазіргі уақытта осы батырлар есімімен көбінесе көшелердің, ауылдың аттарын атаған. Мысалы «Бөгенбай батыр» ауылы,«Қабанбай батыр» ауылы, «Наурызбай батыр», «Райымбек батыр» ауылы. Мен де сендерді төрт ауылға бөліп отырғыздым. –Құрметті, қонақтар, алдарыңызда төрт ауыл. «Бөгенбай»-ауылы «Қабанбай» ауылы «Наурызбай» ауылы «Райымбек» ауылы ( Слайд-батырлардың суреттері) –Енді сабағымызды ұранымызбен бастайық. «Балалар, жалқау болма, оқы сабақ Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ» -Ал енді әр ауыл өз ұранын бізге айтып берсін. Бөгенбай ауылының ұраны «Қандай сынақ болса дағы беріспе Әрқашан да үміткер бол жеңіске» Қабанбай ауылының ұраны «Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл Қарсы топты бұл сайыста жеңе біл» Наурызбай ауылының ұраны «Алға қарай самғаймыз, Екілікті алмаймыз» Райымбек ауылының ұраны «Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім» -Бұл төрт ауыл да бәйге жарысына өз сәйгүліктерін қосып отыр. Бәйгеге дейін ұлттық ойындарға қатысамыз. Ал бұл ойындар мына сыр сандықтың ішінде. –Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым», деп алынған
Достарыңызбен бөлісу: |