Сабақтың тақырыбы: Оқу материалын тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы


Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі



бет2/5
Дата02.03.2022
өлшемі19,36 Kb.
#133911
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тірек сызба Шаталов

Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі:
жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;
оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;
мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;
мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;
оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;
сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;
оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;
қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі;
теорияның негізгі түйінің таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;
дағдыны сақтауды қалыптастырады;
оза оқуға мүмкіндік береді.
Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының негізгі мақсаты – «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң – есіңе сақтайсың» деген қағидасын енгізу.
Тірек-сызбаларды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет