Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек композициясы Сабақтың түрі: Жаңа сабақ



Дата28.01.2018
өлшемі53,87 Kb.
#35133
түріСабақ
пәні: бейнелеу өнері

сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек композициясы
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ою-өрнектегі түс пен рендерімен таныстыру. Түстердің мағынасы туралы түсінікнік беру.
Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.Ою- өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шапшандық, көрегендік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбексүйгіш
тікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің 
және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнектің негізгі сегіз элементінің көріністері, ою-өрнек бейнеленген көрнекілік. Интерактивттік тақта.
Сабақтын барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақ меңгерту
4.Сарамандық жұмыс
5.Сабақты бекіту
6.Бағалау
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып,жоқ оқушыларды белгілеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Киіз үйдің негізгі қанқасын ата?
Шаңырақ қандай мағынаны білдіреді?
Керегенің әр бөлігін не деп атайды?
3.Жаңа сабақты меңгерту.
Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады.
Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек элементтерін меңгері болып табылады. 
Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
1. Ай,күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б. 
3. Аңға байланысты өрнектер: 
«Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.
1. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер: 
«алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көбелек», «шыбынқанат», «тышқан із».
1. Құстарға байланысты өрнектер: 
«құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б.
1. Өсімдік бейнелі өрнектер: 
«арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
1. Қару-құралдарға байланысты өрнектер:
«балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме», «безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.
1. Геометриялық ою-өрнектер:
«қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.
Зооморфтық Өсімдік өрнектері Геометриялық
Ою-өрнектердің түрлері
1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай,торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.2. «Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды,киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
3. «Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
4. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі..
5. «ТАРАҚ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.

4.Сарамандық жұмыс.
Үш топқа бөлінген оқушылардың алдарына араласып жатқан ою-өрнектердің элементтерін талдап топқа бөлуін талап ету.
Бірінші топқа: Зооморфтық
Екінші топқа: Өсімдік бейнелі өрнектер
Үшінші топқа: Геометриялық өрнектер
Топтап бөліп болғаннан кейін ұлттық киімді, бас киімді, ою-өрнекпен ашекелеу. Альбомға сурет салу арқылы оқушыларға ою-өрнек элементтерінің түрлерін салып үйрету, қолдарын жаттықтыру. 
-салып жатқан өрнектің пішімін анықтау
- жобалау және үйлестіру жолдары
-суретті салу процессі
- жұмыстарын аяқтау
5.Сабақты бекіту.
Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
Өрнектің неше түрлері бар?
Геометриялық ою-өрнек дегеніміз не?
Өсімдік тектес ою-өрнектер дегеніміз не?
6. Бағалау.
Оқушылардың жұмыстарын көрме ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет