Сабақтың тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өзен, өзен бөліктері, шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғым қалыптастыру.Жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру.Өзендердің суға молығуы және өзендерді шаруашылықта пайдалану туралы түсінік беру,өзенге сипаттама беру тәсілін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың карта және жұмыс дәптермен жұмыс істеу дағдыларын, біліктерін ары қарай дамыту.
Тәрбиелілік: Өзендерді қорғай білуге, экологиялық білім-тәрбие беру.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Дүние жүзінің физикалық картасы, суреттер (слайд-суреттер) "Өзен аңғарының көлденең қимасы","Өзен жүйесі", "Тау және жазық өзендер", Сарқырама",бейне материал, атлас,интерактивті тақта және слайд-суреттер мен сабақ жоспары.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: дамыта оқыту, картамен және дәптермен жұмыс істеу.
Пән аралық байланыс: әдебиет, экология.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру - 1 мин
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру- 10 мин
"Өрмекші" ойыны арқылы үй тапсымасын тексеру. Сөзжұмбақ жасыру.
1.Ашық теңіздің толқыны жетпейтін жерлерде ................... салынып, сол жерлерге кемелер аялдайды.
2. Ең ірі теңіз сүтқоректі.
3.Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі. - .....................
4.Орасан зор ірі ..................... мұхиттарды ерсілі-қарсылы шарлап, дүниежүзінің барлық елдерін бір-бірімен байланыстырады.
5.Грек тілінде "кезеген" мағына беретін ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі тіршілік дүниесі.
6.Оның жасыл, қызыл, қоңыр түрлері болады, одан йод алады.
7.Теңіз суларының құрамында қандай зат бар, оны атом реакторында отын ретінде пайдаланады.
8.Солтүстік Америка мен Африканың аралығында балдырдың атымен аталатын теңіз.
9.Мұхитты ең көп ластайтын зат.
Сөзжұмбақта ерекше белгіленген бағанда "Өзендер" жазу шығады.
ІІІ.Материалды түсіндіру кезеңі-20 минут
1.Қызығушылықты ояту.
Су деген тіршіліктің наны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?- деп ақындар жырлағандай, бүгінгі сабағымызды тағы да суға арнаймыз.
2. Ой қозғау.
1.Қазақстан аумағы арқылы ағатын қандай ірі өзендерді білесіңдер?
2.Өздерің тұратын жерде қандай өзен бар?
3.Тірек-сызба
1.Өзен бөліктері, "өзен" ұғымына анықтама беру, "өзен" ұғымының ережесін жұмыс дәптерге жазғызу.
"Өзен аңғарының көлденең қимасы" суреті бойынша өзен элементтеріне анықтама беру.
(Барлық суреттер, сабақ жоспары, жаңа ұғымдар компьютер арқылы слайд-суреттер көрсетіліп тұрады.)
Өзен элементтері: арна, жайылма, аңғар
Өзен жүйесі (слайд-сурет) суреті бойынша, оқушылардың көмегімен мынадай жаңа ұғымдарға анықтама беру: бастау, атырау, саға, оң жақ сала, сол жақ сала, өзен алабы, суайрық.
2.Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.
Слайдта көрсетілген "Жазық өзені", "Тау өзені" суреттер бойынша оқушылар өзендерге сипаттама беріп, оларды салыстырады.
Картадан мысал келтіремін. Жазық өзендері: Іле, Сырдария,Жайық,Есіл, Нұра.
Кітаппен жұмыс: (бір балаға оқыту) Мысалы, Шу өзенін Ілияс Жансүгіров былай деп сипаттайды: Шу әне,тауды тарпып,шыққан шулап,
Ойнақтап,ырғи,жосып таудан тулап,
Асқардың ақтарылған ағы емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап?
.Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы жер бедеріне байланысты:
а) жазық жер өзендері кең аңғармен баяу ағады;
б) тау өзендері едәуір тез, ағысы қатты болады, беткейлері тік.
3.Шоңғалдар мен сарқырамалар.
Экранда сарқырама суреті көрсетіледі.(Оқушылар сурет бойынша сарқырамаға сипаттама береді.)
1)Анхель -Оңтүстік Америкада Ориноко өзенінде; биіктігі-1054 м
2)Виктория сарқырамасы-Африкада, Замбези өзенінде; биіктігі-120 м.
3)Игуасу каскадтары, сарқырамалар жүйесі, ені-2700 м, биіктігі 72 м.Онда 275 бөлек сарқырамалар бар.Ол Оңтүстік Америкадағы Бразилия мен Аргентинаның шекарасында орналасқан.
Қазақстан жеріндегі Тянь-Шаньда-Күркілдек, Алтайда-Көккөл. Іле Алатауында-Анелы, Аюлы. Жоңғар Алатауындағы- Мұздыбұлақ сарқырамалары бар.
Көккөл-Қазақстандағы ең биік сарқырама.Ол еліміздің шығысындағы Алтай тауының ең биік шыңы Мұзтаудың оңтүстік-шығысында орналасқан, судың құлау биіктігі 70 метр.
Тянь Шаньдағы Күркілдек сарқырамасы 54 метр биіктен құлайды. Ол Алматы облысының Шұбартал жайлауында орналасқан.
Аюлы сарқырамасы Алматы қаласының іргесінде 44 шақырым қашықтықтағы Түрген аңғарында орналасқан. Оның биіктігі 30 метр.
"Сарқырамалар елі"--ретінде Норвегия мен Оңтүстік Америкадағы Лесото мемлекеттерін атайды.
4.Өзендердің суға молығуы және режимі.
Өзендерге жер асты сулары,мұздық, жаңбыр,еріген қар суы қосылады.
Жаңа ұғымдар: су тасуы,тасқын,сабасына түсуі,өзен режімі.
5.Адамның шаруашылық қызметіндегі өзендердің маңызы.
Өзендердің шаруашылықтағы маңызы зор.Су көп мөлшерде тұрмыс қажетіне пайдаланылады.Өзен сулары кеме қатынасы үшін пайдаланылады.Біздің елімізде Ертіс,
Сырдария,Іле өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді және кеме қатынасына пайдаланылады.Өзен суларын ауылшаруашылық өнімдерін суғару үшін пайдаланылады.
ІV.Жаңа сабақтың меңгеруін тексеру кезені - 5 мин
Географиялық тапсырма (контур карта)
V. Бекіту кезеңі - Тест жұмысы-5 мин
VІ. Бағалау: - 2 мин
VІІ. Үйге тапсырма - 2 мин
"Өзендер" тақырыбының мазмұнын білу.Картадан мына өзендерді көрсете білу (номенклатура): Еділ, Обь (Ертіспен), Енисей, Дунай, Хуанхэ, Ганг, Инд, Амазонка, Миссисипи, Ніл, Конго, Іле, Сырдария, Әмудария, т.б. ірі өзендер.
Достарыңызбен бөлісу: |