Сыныбы: 6-«М4» Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу. Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, А3 формат, стикер, суреттер, үлестірме қағаз, бағалау парағы.
Сабақ барысында кездесетін жаңа сөздер: өзеннің бастауы, жайылма, саға, сала, аңғар, атырау, өзен жүйесі, суайрық, сарқырама, шоңғал, шатқал.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Топтар:
І топ. Ертіс
ІІ топ. Жайық
ІІІ топ. Сырдария
ІV топ. Есіл
Жаңа сабақты меңгертуге дайындық:
Аудиожазба арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
Бүгінгі сабаққа мақсат қою.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Видеоролик: «Өзендер туралы жалпы түсінік»
Өзен элементтері (тау өзені, жазықтағы өзендер, өзеннің бастауы, өзен аңғары атырау, аңғар, өзеннің салалары (Ертіс өзені мысалында), жайылма өзеннің жоғарғы, ортаңғы, төменгі ағысы, өзен жүйесі)
1 Тапсырма.
І топ. Сәйкестендіріңіз.
Бастау
|
Өзеннің су басатын бөлігі
|
Аңғар
|
Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі ұзынша келген ойыс
|
Жайылма
|
Табиғи жолмен пайда болған, ойпаңмен ағатын су.
|
Өзен
|
Өзеннің басталатын бөлігі
|
Атырау
|
Өзен сағасының тармақтарға бөлінуі
|
ІІ топ. «Өзен элементтері» тақырыбында пазл құрастыру.
ІІІ топ. Жер бетінің өзендер әсерінен өзгеріске түсуі.
ІV топ. Үлбі өзені
Сарқырама дегеніміз тік беткейден құлап ағатын су бөлігі. Өзендер түбінде кездесетін
Видео: Көккөл сарқырамасы.
2 тапсырма.
Топтық жұмыс. Жоспар бойынша өзенге сипаттама.
1.Өзеннің географиялық орыны
2. Өзеннің ұзындығы
3. Өзен жағалауында орналасқан қалалар
4. Өзенді картадан көрсету
5. Атауының шығу тарихы
Қорытындылау:
Сұрақтар тізбегі.
Бағалау:
Бағалау парағы арқылы оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бақылаушы топ бағалау жүргізеді.
Рефлекция:
Үйге тапсырма: Ақындар шығармасына арқау болған өзендер.
Достарыңызбен бөлісу: |