Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептермен жұмыс,оларды шешудің жолдары


Қозғалысқа берілген құрама есептер



бет4/4
Дата27.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#129953
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қозғалысқа берілген есептермен жұмыс,оларды шешудің жолдары

Қозғалысқа берілген құрама есептер

«Қашықтық» тобына

1-есеп. (Есепті теңдеу құру арқылы шығар)

Ауыл мен қаланың арасы 210 км.Қаладан ауылға жету үшін студент алдымен 50 км/сағ жылдамдықпен жүретін автобусқа отырды.Одан кейін жолдың қалған 60 километрін машинамен жүрді.

Студент автобуспен қанша уақыт жүрді?

50 · х +60=210

50 · х =210-60

50 · х =150

х=150:50

х=3


50 · 3 +60=210

Ж: Студент автобуспен 3сағ. жүрді.



«Жылдамдық» тобына

1-есеп.

Бір әуежайдан бір мезгілде екі бағытқа 2 ұшақ ұшып шықты.Бірінші ұшақтың жылдамдығы 600 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы одан 150 км/сағ кем. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?

Шешуі:

600-150=450 (км/сағ) – екінші ұшақтың жылдамдығы.



600+450= 1050 (км/сағ) – алыстау жылдамдығы.

1050∙2=2100 (км)



Жауабы: екі сағаттан кейін ұшақтардың арасы 2100 км болады.

«Уақыт» тобына

1-есеп.


Мотоциклшы 42км/сағ жылдамдықпен 336км. жол жүрді. Қайтар жолға ол 1сағ кем жұмсады. Кері қайтқанда мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрді?

Шешуі:


336:42=8 8-7=1 336:7=48км/сағ.

Ж: Кері қайтарда 48км/сағ жылдамдықпен жүрді.



Сергіту сәті. «Сәйкестендіру жылдамдығын анықта»

20км/сағ
80км/сағ
900км/сағ
40км/сағ
150м/мин


60км/сағ
2-есеп. «Қашықтық» тобына

Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы жүк машинасы мен велосипедші шықты.Жүк машинасының жылдамдығы 60 км/сағ, велосипедшінің жылдамдығы одан 3 есе кем. Егер жүк машинасы мен велосипедші 2сағаттан кейін кездессе, қалалардың арақашықтығы қанша?

Шешуі:

60:3=20км/сағ



60+20=80

80*2=160


Ж:Екі сағаттан кейін қалалардың арақашықтығы 160км. болды.

2-есеп. «Жылдамдық» тобына

Арақашықтығы 20км екі ауылдан бір мезгілде велосипедші мен жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы шықты. Жаяу адамның жылдамдығы 5км/сағ, ал велосипедшінің жылдамдығы 15км/сағ. Олар қанша уақыттан кейін кездесті?



Шешуі:

15+5=20 20:20=1



Жауабы:Олар 1 сағаттан кейін кездесті.

2-есеп. «Уақыт» тобына

Автобус 57км/сағ жылдамдықпен 4сағ жол жүрді. Ол тағы да осы жүрілген жолдан 3 есе кем жол жүруі тиіс. Автобус тағы қанша жол жүруі керек?

Ш:57*4=228 228:3=76

Ж: Автобус тағы 76км. жол жүреді.



Сергіту сәті.


3-есеп. Кестенің әр қатарына есеп құрастыр және оны шығар.

«Қашықтық» «Жылдамдық»



«Уақыт»



Рефлексия

«ҮЛКЕН ШЕҢБЕР» ТӘСІЛІ
-Бүгін не білдіңіз?
-Сіз үшін не жаңалық болды?
-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
-Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Қорытынды

«Жалғыз сүйеніш ,жалғыз үміт-оқуда,қанша жетістікке жетсек те,жұртшылығымызды сақтасақ та,дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз,жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу»

М.Дулатов.

Олай болса,жақсы оқыңыздар, білімдеріңізді шыңдай түсіңіздер. Сәттілік тілеймі



Үй тапсырмасы:
А.Е. Әбілқасымова«Алгебра және анализ бастамалары»

№79-80 есептер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет