Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Сұрақтар:
1.Берілген санның пайызы қалай табылады?
2.Берілген санның пайызын табу үшін пайызды қандай бөлшекпен өрнектеген тиімді?
3.Микрокалькуляторда берілген а санының Р%-ын табу үшін, оның клавиштерін қандай реттілікпен басу керек?
|
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Мақсаты: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|