Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі262,81 Kb.
#26407
түріСабақ
  1   2
Сабақтың авторы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Нұрғали Әділет Бейсенғалиұлы.

Сабақтың тақырыбы:

Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор



Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.



Дамытушылық:

Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Деңгейлеп оқыту технологиясы. Электронды тест.



Сабақтың көрнекіліктері:

Компьютер, проектор, презентациялар, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, электронды түрдегі тест.



Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, физика.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Қайталау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Оқушыларды бағалау

  6. Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор



Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. армақталған алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторларды пайдаланамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет