Сабақтың тақырыбы: Photoshop графикалық редакторы және оның мүмкіндіктері. Қабаттармен жұмыс және арнайы эффектілерді қолдану Графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар графикалық редакторлар
Сабақтың тақырыбы: Photoshop графикалық редакторы және оның мүмкіндіктері. Қабаттармен жұмыс және арнайы эффектілерді қолдану
Графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар графикалық редакторлар деп аталады. Растырлық графика Adobe Photoshop, Photo Styler, Photo Paint, Corel Photo Paint сияқты программалармен жұмыс істейді. Осы программалар ішіндегі ең қуаттысы және дизайнерлерде өз қолдауын тапқан Adobe Photoshop программасы болып отыр.
Adobe photoshop программасы - графикалық обьектілерді өндеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Палитрамен жұмыс істеу, сканерлеу, эмпорттау, экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу, өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар мен маскаларды, тандау және т.б. мүмкіндіктерді ұсынады. Adobe Photoshop графикалық редакторы суреттерді жоғары деңгейде өңдеуге мүмкіндік береді.
Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр
Adobe Photoshop графикалық редакторының интерфейсі Іске қосу үшін: Пуск →Программы →Adobe Photoshop
Құралдар панелі. Құралдар панелі бейнелермен жұмыс істеудің негізгі құралы болып табылады. Ол әрбір құралға сәйкес келетін батырмалардан тұрады. Негізгі құралдар белгінің 4 тобында біріктірілген: Бейнелерді бөліп алу үшін қолданылатын құралдар