Сабақтың тақырыбы: "Physics 4 us "



Дата07.02.2022
өлшемі70,5 Kb.
#88189
түріСабақ
Байланысты:
физика сыныптан тыс Кабылбек




Күні: ж
Уақыты:
Сыныбы: 7
Пәні: Физика
Сабақтың тақырыбы: "Physics 4 us "
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Т әрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интелектуалды ойын,қорытындылау, жүйелеу сабағы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.
б) Оқушыларды топтастыру

  • Армысыздар, білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “ Physics 4 us ” атты сайысымызға қош келдіңіздер!

  • Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 7 сынып оқушыларынан құралған "жұмыс,қуат энергия” тобын ортаға шақырайық!
Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын– дей отырып ортаға әділқазы болатын жұмыс тобын шақырайық!
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік, сайысымыз сегіз бөлімнен тұрады.
1-бөлім “Бәйге”. Бұл бөлімде жалпыға бірдей 10-15 сұрақтар қойылады. Белгіленген уақыттан соң екі топтан әр сұрақтың жауабын талқылау арқылы бірін-бірі тексереді.әр сұраққа 1 балдан беріледі.

  1. Механикалық жұмыс дегеніміз...? (денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы) 

  2. Механикалық жұмыстың өлшем бірлігі? (Джоуль) 

  3. энергия түрлерін ата

  4. Потенциялдық және кинетикалық энергялардың өлшем бірлігі және формуласын жаз

  5. Механиканың алтын ережесі дегеніміз не ?

  6. Энергияның сақталу заңы

  7. Күш моменті

  8. Пайдалы әрекет коэфициенті

  9. Қуат туралы айтып бер

  10. механикалық жұмысқа өмірден мысал келтір

2-бөлім: “Есептер қаласы” бөлімі. Бұнда 2 топқада бірдей 5есеп беріледі. Яғни бір топта 5 оқушы болады,әр оқушы 1 есептен шығарады. Жұмыс тобы белгіленген уақыттан кейін шығарылған есептерді жинап алып жазылу тәртібі мен формуласына шығарылу жолын тексереді. Әр есепке 1 балдан беріледі.

  1. Моторының тарту күші 3000 Н,машина 54 км /сағ жылдамдықпен қозғалып келеді машина 10 с қанша жұмыс атқарады.

Ж:450кДж

  1. Қуаты 50 Вт желдеткіш 5 минутта қанша жұмыс істейді?

Ж:15 кДж

  1. Жылдамдығы 72 км/сағ , массасы 1т автомобильдің кинетикалық энергиясын анықта.

  2. 4м биіктіктегі дененің потенциалдық энергиясы 120 Дж дененің массасын анықта

  3. Масссасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілген жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстыпғандағы механикалық энергиясы қандай?

.
3-бөлім: “physics in english ” бөлімі.

Физик бізде қонақта” сайысы. Бұл, бөлімде экрана көрінген 3 тақырыптар бойынша әр топ қысқаша өз ойларын ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай.


Келесі бөлім “Физик бізде қонақта” сайысы. Бұл бөлімде экрана көрінген 3 тақырып бойынша әр топ қысқаша өз ойларын ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.

  1. Физика және техника

  2. Физика және медицина

  3. Физика және тұрмыс

  • "Қызықты үзіліс, яғни көрермендермен ойын.Экранда сөздер беріледі. Олар: Астана, Пермь, Қызылтас, Қызылорда, Алакөл, Шахтинск, және Электроскоп. Осы сөздердің соңғы әріптерінен француз оқымыстысының фамилиясын шығарыңдар. (Паскаль)

  • Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Қорытынды. Әділқазылар алқасы екі топты бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет