Сабақтың тақырыбы: Поликонденсация реакциялары. Полиамидтер және полиэфирлер. Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата23.04.2023
өлшемі21,42 Kb.
#175199
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Полиамидтер мен полиэфирлер

Поли-ε-капроамид (полиамид 6) HO – [- CO – (CH2)5 – NH - ]n – H, «капрон», ε-капролактамды су қатысында полимерлену арқылы алады. Тығыздығы 1140 кг/м3, балқу температурасы 2150С.
Полигексаметиленадипамид (полиамид 6,6) «анид» H – [- NH – (CH2)6 – NHCO – (CH2)4 – CO - ]n – OH. Гексаметилендиамин және адипин қышқылының поликонденсациялау арқылы алады. Тығыздығы 1140 кг/м3, балқу температурасы 2550С.
Поли-ζ-энантоамид H – [- NH(CH2)6 – CO - ]n OH (энант или полиамид 7) ζ-аминоэнант қышқылын поликонденсациялау арқылы алады. Тығыздығы 1100 кг/м3, балқу температурасы 2250С.
Полиэфирлер— макромолекула тізбегінде жай және күрделі эфирлердің функционалды тобы кездесетін полимерлер Полиэфирлер жай, күрделі және қаныққан, қанықпаған болып бөлінеді. Жай полиэфирлер HO—[—R—O—]n—H, мұндағы R құрылысы әр түрлі көмірсутек радикалы (мысалы, полиоксиметилен, пентон, эпоксид шайырлары, полифениленоксид, т.б.). Бұл циклді оттекті қосылыстарды полимерлену және гликольдерді поликонденсациялау нәтижесінде алады. Қышқылдарда жеңіл гидролизденеді, сілтіге тұрақты. Күрделі полиэфирлер H—[—OAO—CO——A`—CO—]n—OH мұндағы А — көмірсутек радикалы, A` — органик. немесе бейорганикалық қышқылдардың қалдығы (мысалы, полиэтилентерефталат, нуклеин қышқылдары, даммар, янтарь, т.б.). Бұларды гликоль мен екі негізді немесе оттекті қышқылдарды поликонденсациялау, циклді эфирлерді гидролизді полимерлеу, т.б. жолдармен алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет