PowerPoint бағдарламасы — құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі.
Microsoft PowerPoint 2010 бағдарламасы аудиториямен қарқынды көрмелер жасау мен ортақ пайдаланудың қосымша жолдарын береді. Тамаша жаңа дыбыс пен көрнекі мүмкіндіктері жасауға оңай жанды, кино сынды әңгімені жеткізуге көмектеседі.
Қосымша PowerPoint 2010 бағдарламасы басқа адамдармен бір уақытта жұмыс істеуге немесе көрмені желіге орналастыруға және веб немесе смартфон арқылы кез келген жерден оған кіруге мүмкіндік береді.
PowerPoint 2010 бағдарламасы көрмелерге күш қосатын жаңа және жетілдірілген құралдарды жеткізеді.
PowerPoint бағдарламасының ішіне бейнені ендіріңіз және оны өңдеңіз. Енді көрмелерге кәсіби мультимедиалық әрекеттестік беру үшін, бейнелерге мөлдірлікті, пішімдеу әсерлерін қосуға болады, сахналарға бетбелгі қоюға болады және бейнелерді қысқартуға болады. Ендірілген бейнелер PowerPoint бағдарламасының бөлігіне айналатындықтан, басқалармен ортақ пайдаланған кезде қосымша файлдарды басқару қажет емес.
Көрінісін барынша жақсарту мақсатында көрмедегі әрбір суретті дәл баптау үшін, әмбебап көркем әсерлер және қосымша түзету, түс пен қиып алу құралдары әрекеттерін қамтитын жаңа және жетілдірілген суретті өңдеу құралдарын пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |