Сабақтың ортасы
|
-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: Практикалық жұмыс №2. Қозғалыс күштері
Рымкеич есептер жинағы
Есептерді шығарамыз.
Массасы 70кг адам 1м/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан лифтте көтеріліп келеді. Лифт кабинасының еденіне адамның әсер ететін күші қандай?
2. БМ-13 соғыс реактивті қондырғысының бағыттаушы балкаларының ұзындығы 5 м, әрбір снарядының массасы 42,5кг және реактивті күші 19,6 кН болған. Бағыттаушы балкадан снарядтың ұшып шығу жылдамдығын табыңдар.
3. Егер тікұшаққа төрт күш: тігінен-200кН ауырлық күші және 210кН көтерілу күші; көлденеңнен 20кН мотордың тарту күші және 10кН ұшақтың алдыңғы бөлігіне әсер ететін ауаның кедергі күші әсер ететін болса,оның үдеуінің бағыты қандай болады?Барлық күштердің теңәрекетті күші неге тең?
4. Массасы 1,5 т автобус орнынан 1,5 кН тарту күшінің әрекетінен қозғалады. Егер автобусқа әрекет ететін кедергі күш 450 Н болса, онда оның үдеуі неге тең?
5. 1-суретте таразының бір табағында су құйылған ыдыс, екіншісінде штатив тұр. Штативке массасы 54 г алюминий дене ілінген: осы жағдайда таразы тепе-теңдік қалыпта тұр. Егер жібін ұзартып, жүкті суға батырып қойса, тепе-теңдік бұзылады. Қайта теңгеру үшін, таразының оң табағына қанша жүк салу керек?
|
Есептер шығарады
|
Ұпай
|
Есептер жинағы, жұмыс дәптері
|