Сабақтың тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы Сабақтың мақсаты



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі25,18 Kb.
#120208
түріСабақ
1   2   3   4   5
ІV.Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
Өз бетімен жұмыс.
1-топ: Проблемалық оқыту технологиясындағы мұғалім мен оқушының рөлін кестеге түсіру.

Проблемалық оқыту технологиясындағы мұғалімнің рөлі

Проблемалық оқыту технологиясындағы оқушының рөлі

Мұғалімнің негізгі міндеті түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, мұғалім:
а) өзі жасаған проблемалық ситуация арқасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;
ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.
- мұғалім неғұрлым күрделі әрі өздігінен оқып үйрену үшін шама жетпейтін жаңа ұғымдарды түсіндірудің сапасын арттырады;
- жеке өзінің түсіндіруінің санын азайтып, оқу проблемаларынан тұратын, сол дәрежеде білім алған оқушылардың ұғымдарды өздігінен оқып үйрену процесін ұйымдастырады.

- Проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушылардың өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (мұғалімнің көмегімен және басшылығымен) ашады;

  • Зерттеу әрекеті арқылы

шеберліктері мен дағдылары қалыптасады, ал білімді бір ғана «зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады.

2-топ: Дәстүрлі оқыту мен проблемалық оқытуды салыстыру. Басқа оқыту әдісінен проблемалық оқытудың екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі – оқытудың мақсаты жөнінен, екіншісі – педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жөнінен.



Дәстүрлі оқыту

Проблемалық оқыту

Материал дайын күйінде беріледі,
мұғалім ең алдымен бағдарламаның орындалуына мән береді.

Әдебиеттерде көрсетілген дайын
білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісінше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды оқушылардың өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Жаңа ақпаратты оқушы теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу барысында алады. Мұнда оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделеді.

3-топ: Проблемалық оқытудың тиімді және тиімсіз тұстарын кестеге түсіру.



Проблемалық оқытудың
тиімді тұстары:

Проблемалық тиімсіз тұстары:

- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, инеллектуалдық таным үрдісі жетіледі;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;
- Шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы;
- Оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге күш жұмсайды;
- Оқушылар ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады;
- Ойлауымен бірге тілдері де дамиды.
- Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, өз әдіс-тәсілдерін ұсынады

- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
- Мұғалім тарапынан проблема дәл, нақты қойылмаса, өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізе алмау;







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет