Психология ғылымының даму тарихы.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан - қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден - дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше эсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.
Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды.
Дж.Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы - табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж.Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде - идеялист болып көрінеді.Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз.
Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады. Эмперикалық психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі, ағылшын философы және психологы Давид Юм (1771-1776) ассоциациялық эмперикалық психологияға негіз салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер т.б. дамытты. Юм адамның өте күрделі диалектикалық жолмен дамитын санасын механистік жай элементтерге, түйсіктерге және олардың көшірмесін елестеулерге бөлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы осы элементттердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір-бірімен жай байланысуынан ғана құралады.
Гартли мен Пристли деген оқымыстылар эмперикалық ассоциативтік психологияның материалистік ағымын дамытты. Бұлардың пікірінше ассоцияциялық байланыстар Юм айтқандай елестеулерде амес, мидың өзінде болады; эсер етуші қоздырғыштар мидың түрлі салаларын қоздырып, бір-бірімен байланысып отырады, кейіннен мидың бір жүйесі қозса еріксізден-еріксіз ассоцияция арқылы мидың басқа салалары да қозады.
Өткен ғасырдың орта шенінде көп табыстарға жетіп, өршіп алға басқан табиғат ғылымдары психология ғылымына зор эсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тэжірибе жасау эдістері психология ғылымына да ене бастады. Психология бара бара өзінің зерттеулерінде дэл ақпараттарды пайдаланылатын тэжірибелік эдістерді қолдана бастады. Эмперикалық психо-логияның өзінде-ақ кейбір психологтар, эсіресе, Вундт пен Джемс ассоциятивтік психологияның шыли өрескел жетімсіздіктері мен қателеріне қарсы шыға бастады. Вундт - заттарды қабылдау - түйсіктері мен елестеу -тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, перцепция мен апперцепцияны өндіріп отыратын өте күрделі психикалық процесс екендігін айтты. Джемс - сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша өзгешеліктеріне көбірек көңіл бөлді; психикалық эрекеттердің өне бойы өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы» екендігін айтты. Әйткенмен, бұлар ассоциятивтік психологияға ашық қарсы тұрып, оның қателерін түгел көрсете алмады. Эмперикалық психологияның мынадай қателері болды:
Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сэулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын эрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды.
Психика сыртқы дүниенің эсерсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, эрбір адамның өзін-өзі байқау эдісін психологияның негізгі эдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық эрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық эректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау эдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, эр адамның жеке өзін-өзі байқайтын субъективтік тэжірибесі деп түсінді.
Психикалық эрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде қаралған. Ол - сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған.
Адамның психикалық эрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді.
Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тэн емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық эрекеттерімен шұғылданды.
5. Психофизикалық теорияға негізделу. Рухани эрекеттер мен физикалық
эрекеттердің эрқайсысы өз алдына өмір сүреді, олардың эрқайсысы өз
алдына болғанымен араларында байланыс бар, бір-біріне эсер етеді деген
теорияны жақтайды.
Эмпирикалық психологияның қателерімен бірге олардың алға басқан жақтары да болды. Олар психология ғылымының дамып, алға кетуіне себептерін тигізді. Құрғақ оймен шұғылданып, дэлелсіз құрғақ қорытындылар шығарған ескі схоластикалық метафизика психологиясына қарсы, тэжірибелік эдістерді қолданып, психологияны тұрмысқа жақындатуға тэжірибелік ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тэрбие жұмысында, медицинада, өнер жүйесінда, эдебиетте, өндіріс орындарында, түрлі еңбек салаларында т.б. жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады.
19-ғасырдың 2-ші жартысынан бері қарай ғалымдар психикалық қыбылыстарды (түйсік, қабылдау, ес, елес т.б.) эксперимент жүзінде эр-түрлі құрал-жабдықтың көмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тэжірибелік ғылым ретінде дами бастады.
Психиканы зерттеу жэне түсіндіру психология пэнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дэуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психиканың мэніні байланысты көзқарастардың қалыптасуы жэне дамуы эрқашанда философияның өзекті мэселесі - материя мен сана, заттық жэне рухани болмыстардың ара қатынасына байланысты болған.
Осы мэселе төңірегінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт материализм мен идеализмнің талас тартысына толы болды. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мэні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика - тэнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді.
Идеалистік философия өкілдері материядан тэуелсіз еркше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық эрекетті материалдық, тумайтын, эрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Діннің пайда болуымен психика «о дүниемен» байланысты, көрінбейтін, эрі мэңгі жасайтын, тэннің екінші бір баламасы- рухтық зат деп танылды. Бар элемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген эр түрлі идеалистік бағыттар дамыды.
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі жэне ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалисті философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Тек XVIII ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене эрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын көрсетті. Р.Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана жэне рефлекс. Бірақ ол өз ілімінде жан мен тэнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, өзара тэуелсіз екі болмыс -материя жэне рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»( екі тарапты) деген атаққа ие болды.
Дуалистік ілімнің негізінде XIX ғасырда психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық жэне физикалық құбылыстар қатарлас өзара тэуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл бағыттың өкілдері - В.Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине, Джемс жэне т.б.
Капитализмнің пайда болып дами бастауы, эсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тэжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тэжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философия Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық эдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік эдісті дамытты. Бұл эдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан - қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден -дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл эдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше эсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылырдың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Бэкон эдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.
Шамамен осы уақыттан бастап психология пэні туралы жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Сезім, ойлау қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясының орнына сана психологиясы келді. Психиканың мазмұндарының орнына сананың ақиқаттық сипаттары зерттеле бастады. Бұрынғы психика туралы ғылыми есебінде көрінген психологияның орнына сана құбылыстарын зерттейтін психология бой көтерді. Сөйтіп, 18 ғасырдан бастап сананы зерттейтін «психикасыз психология» ғылыми сахнаға шықты.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы эр түрлі мақсаттағы зерттеулердің эр түрлі эдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұласты. Сананың құрылымының, мазмұнының жэне белсенділік деңгейінің эр түрлі сипатталуы - интероспективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Осы тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулеріне 5 бағытта алып барды:
сана элементтер теориясы, негізін салғандар В.Вундт жэне Э.Титченер;
саналық эрекеттер психологиясы, Ф.Брентаноның есімімен байланысты;
саналық ағым теориясы, У. Джемс негізін салған;
дербес құрылым психологиясы, гештальтпсихология;
Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Осы кезде психологияда эксперименттік эдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бэріне тэн ерекшелік - психикалық құбылыстардың мэнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В.Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды.
Диалектикалық материалазм көзқарасы бойынша материя 1 -ші кезекті субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралады; психика, сана - бұл 2-ші обьективтік шындықтың мида бейнеленуі.
Сыртқы психикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни, өзінен тьэуелсіз эрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ.
Бұл туралы ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит сол кездің өзінде-ақ психикады (психиканы) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіреді. Ол психиканың мэңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.Сол заманның екінші бір ойшылы , идеалист Платон керісінше «психика мэңгі өлмейді, өшпейді». - деп тұжырымдады.
Психикалық эрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр эл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мэңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты. Психика дүниесінің сыры жайлы дэйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, эсіресе, мақал-мэтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тэн ауырса, жан ауырады», «Тэні саудың жаны сау», «Тэн өледі, демек жанда өледі». Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары эр қырынан сөз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |